2022-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САРЫҚАМЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ
(2022 жылдың 15 желтоқсан жағдайы бойынша)
Құрметті сайтқа кірушілер!
Сіздердің назарларыңызға Сарықамыс ауылдық округінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2022 – 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылды.
Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:
- бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;
- бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;
- ауылдық округтің бюджетін жоспарлау.
Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы
Ауылдық округтің бюджеті Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірленеді.
2022-2024 жылдарға арналған Сарықамыс ауылдық округінің бюджеті:
2022-2024 жылдарға арналған Сарықамыс ауылдық округінің бюджетінің 34 495 мың теңге көлемінде құрайды, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 33 330 мың теңге.
Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы
|
Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның қарауына тапсыру |
|
1 қыркүйектен кешікпей дейін бюджеттік жобаны жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін жоспарлаушы өкілетті органның қарауына тапсыру |
|
Бюджет жобасын бюджеттік комиссия мақұлдағаннан кейін 1 қарашадан кешікпей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына тапсыру |
|
Үш жыл мерзімге арналған поселке бюджетін қала бюджетін бекіткеннен кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихатпен бекіту |
Ауылдық округтің бюджетін жоспарлау
2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджетінің негізгі параметрлері
мың. теңге
|
|
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
Түсімдер, оның ішінде: |
34 495 |
35 299 |
35 777 |
|
Салықтық түсімдер |
980 |
1 676 |
1 736 |
|
Салықтық емес түсімдер |
0 |
0 |
0 |
|
Трансферттердің түсімі |
33 330 |
33 623 |
34 041 |
|
Шығыстар |
34 310 |
35 299 |
35 777 |
Түсімдер
Сарықамыс ауылдық окрігінің бюджетінің негізгі кіріс көздері: жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтар, жер салығы, заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, жер учаскелерін пайдаланғаны төлем кірістерін есептегенде жалпы сомасы 980 мың теңгені.
Бұдан басқа, 2022-2024 жылдарда қалалық бюджеттен 32 457 мың теңге, 33 623 мың тенге және 34 041 мың теңге субвенциялар белгіленген.
2022 жылға ауылдық округтің жеке меншік кірістерінің көлемі 980 мың теңгені құрайды.
2022–2024 жылдарда жекеменшік кірістердің көлемі 1 676 мың теңгеге және 1 736 мың теңгеге сәйкес құрайды.
Шығыстар
2022–2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеттің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген шараларды орындауға бағытталған.
2022 жылға арналған шығыстар нақтыланды, 2023-2024 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер жобаланған.
2022-2024 жылдарға арналған Сарықамыс ауылдық округінің бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары
мың.теңге
|
Атауы |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
Шығындар |
34 495 |
35 299 |
35 777 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
26 340 |
26 470 |
26 507 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
7 008 |
7 480 |
7 854 |
|
Көлiк және коммуникация |
1 147 |
1 349 |
1 416 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту
Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырумен байланысты шығыстар сомасы 4 611 мың теңге, жарықтандыру сомасы 1 792 мың теңге, ауылдық округті абаттандыру мен көгалдандыру сомасы 605 мың теңгені құрайды.
мың.теңге
|
Атауы |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына шығыстар, барлығы |
7 008 |
7 480 |
7 854 |
|
|
соның ішінде: |
|
|
|
|
|
Елдi-мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастыру |
4 611 |
4 842 |
5 084 |
|
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
1 792 |
2 197 |
2 307 |
|
|
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
605 |
441 |
463 |
|
Көлік және коммуникация
Шығыстар жергілікті маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған.
мың.теңге
|
Атауы |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
Қөлік және коммуникацияға шығыстар, барлығы |
1 147 |
1 349 |
1 416 |
|
соның ішінде: |
|
|
|
|
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
1 147 |
1 349 |
1 416 |
2022 жылға арналған бюджетте ауыл ішілік автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 1 147 мың теңге қарастырылған. Қаражаттар ауыл ішіндегі жолдарды қысқы мерзімде жол желісін ұстауға жұмсалды.