2022-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ШІДЕРТІ ПОСЕЛКЕСІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ
(2022 жылдың 15 желтоқсан жағдайы бойынша)
Құрметті сайттың келермендері!
Сіздердің назарларыңызға Шідерті поселкесі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2022-2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылған.
Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:
- бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;
- бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;
- поселок бюджетін жоспарлау.
Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы
Поселкенің бюджеті жыл сайын үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережесіне сәйкес әзірленеді.
2022-2024 жылдарға арналған Шідерті поселкесі бюджеті:
2022 жылдарға арналған Шідерті поселкесінің бюджетінің 189 134 мың теңге көлемінде, соның ішінде жоғарыдан түскен трансфенттер – 172 331 мың теңге құрайды.
Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы
|
Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның қарауына тапсыру |
|
1 қыркүйектен кешікпей дейін бюджеттік жобаны жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін жоспарлаушы өкілетті органның қарауына тапсыру |
|
Бюджет жобасын бюджеттік комиссия мақұлдағаннан кейін 1 қарашадан кешікпей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына тапсыру |
|
Үш жыл мерзімге арналған поселке бюджетін қала бюджетін бекіткеннен кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихатпен бекіту |
Шідерті поселкесі бюджетін жоспарлау
2022-2024 жылдарға арналған Шідерті поселкесі бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
|
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
Түсімдер, оның ішінде: |
187 788 |
87 906 |
89 881 |
|
Салықтық түсімдер |
15 384 |
15 479 |
16 031 |
|
Салықтық емес түсімдер |
73 |
76 |
79 |
|
Трансферттер |
172 331 |
72 351 |
73 771 |
|
Шығыстар |
189 134 |
87 906 |
89 881 |
Түсімдер
Шідерті поселкесі бюджетінің негізгі кіріс көздері: жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық, жер салығы, заңды және жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, поселкенің коммуналды меншіктегі мүліктерін жалға беруден түсетін кірістерді жалпы түсімдерден 15 457 мың теңге құрайды.
2022-2024 жылдарда өз кірістердің көлемі 15 457 мың теңгені, сәйкес 15 555 мың теңгені және 16 110 құрайды. Бұдан басқа, 2022-2024 жылдарда қала бюджетінен субвенция 70 789 мың теңге, 72 351 мың теңге, және 73 771 мың теңгеге сәйкес сомада белгіленген.
Шығыстар
2022–2024 жылдарға арналған поселке бюджетінің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген шараларды орындауға бағытталған.
2022 жылға арналған шығыстар нақтыланды, 2023-2024 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер анықталды.
2022-2024 жылдарға арналған Шідерті поселкесінің бюджет шығыстарының негізгі бағыттары
мың теңге
|
Атауы |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
Шығындар |
189 134 |
87 906 |
89 881 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
44 536 |
36 585 |
36 663 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
70 623 |
32 231 |
33 841 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк |
21 730 |
16 053 |
16 188 |
|
Көлiк және коммуникация |
52 243 |
3 037 |
3 189 |
Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңiстiк
2022 жылға жергiлiктi деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға штат саны 11 бірлік «Юбилейный» мәдениет үйін ұстауға және мәдени шаралар өткізуге 21 730 мың теңге сомада шығыстар қарастырылған. Поселке аумағында мәдени-көпшілік іс-шаралар, мемлекеттік, ұлттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жоспарланған.
Көлік және коммуникация
2022 жылға поселкенің жергілікті маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуға 2022 жылға арналған поселке бюджетінде 2 521 мың теңге қарастырылған.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту
2022 жылы көшені жарықтандыруға 14 752 мың теңге сомада және 45 269 мың теңге елді мекенді аббатандыруға шығыстар жоспарланған. Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру 10 602 мың теңге.