1.1 Өнеркәсіп
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 863 218,7 млн. теңгені, НКИ - 95,9%-ды (2021 жылы - 752 566,7 млн. теңге, НКИ - 108,8%) құрады.
- тау-кен өндіру өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 535 771,2 млн. теңге, НКИ - 95,9% (2021 жылы - 455 912,1 млн. теңге, НКИ - 96,0%);
- өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 113 513,9 млн. теңге, НКИ-86,5% (2021 жылы - 103 994,9 млн. теңге, НКИ - 149,7%);
- электрмен жабдықтау өндірісінің көлемі, бу беру және ауа баптау - 210 545,9 млн. теңге, НКИ - 101,3% (2021 жылы - 189 525,3 млн. теңге, НКИ - 127,9%);
- сумен жабдықтау өндірісінің көлемі; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет - 3 386,8 млн.теңге, НКИ - 98,8% (2021 жылы - 3 134,4 млн. теңге, НКИ - 101,0%).
1.2. Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2022 жылғы 1 қарашада 19 076,3 теңгені құрады, НКИ - 104,7% (2021 жылы - 16 950,4 млн. теңге, НКИ - 102,0%), оның ішінде:
өсімдік шаруашылығы - 10 347,1 млн. теңге, НКИ - 104,5%;
мал шаруашылығы - 8 719,4 млн.теңге, НКИ - 104,9%.
Жер қоры
Екібастұз қаласының аумағы 1 887,6 мың га құрайды, оның ішінде:
егістік - 22,4 мың га;
тыңайған жер - 45,8 мың га;
жайылым - 1 672.3 мың га;
шабындық - 27,2 мың га.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 846,6 мың га құрайды, оның ішінде:
егістік - 27,0 мың га;
тыңайған жер - 11,0 мың га;
жайылым - 788,3 мың га;
шабындық - 16,5 мың га.
Екібастұз өңірінде 843,8 мың га алаңда 373 ауыл шаруашылығының құрылымдары бар.
Мал шаруашылығы
2022 жылдың 1 қарашасына ауыл шаруашылығы мал басының саны келесіні құрайды:
ІҚМ - 50 451 бас, 106,7% (2021 ж. - 47 300 бас);
жылқы - 28 098 бас, 114,1% (2021 ж. - 24 993 бас);
құстар - 24 131 бас, 97,4% (2021 ж.- 24 782 бас).
Тірі салмақта 4 842,8 тонна (115,6%) ет, 19 666,2 тонна (100%) сүт, 1 950,1 мың дана жұмыртқа (100,0%) өндірілді.
1.3. Құрылыс
2022 жылдың 1 қарашасына құрылыс жұмыстарының көлемі 34 343,5млн.теңгені құрады, НКИ - 102,4 (2021 жылы - 30 791,9 млн. теңге, НКИ - 62,065,1%).
1.4. Тұрғын үйді пайдалануға беру
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 39 031 ш.м. құрайды, НКИ - 109,5% (2021 жылы - 35 634,0 ш.м, НКИ - 100,5%).
2022 жылдың 1 қарашасына негізгі капиталға инвестиция көлемі 184 118,5 млн.теңгені құрады, НКИ - 111,2% (2021 жылы - 157 804,4 млн. теңге, НКИ - 147,1%).
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Екібастұз қаласы бойынша 9 927 бірлік шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі 88,2% - ды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішіне сәйкес келеді (2021 жылы жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 86,7% - ды құрады).
2022 жылғы 1 қарашада бөлшек сауда айналымы 76 352,3 млн.теңгені, НКИ - 109,2%-ды құрады (2021 жылы - 61 505,3 млн. теңге, НКИ - 115,7%).
2022 жылғы 1 қарашада көтерме сауда айналымы 78 410,7 млн.теңгені, НКИ - 112,9%-ды құрады (2021 жылы - 58 638,5 млн. теңге, НКИ - 127,7%).
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бюджет көлемі 40 436,0 млн.теңгені, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттер 13 583,3 млн. теңгені құрады.
Қала бюджетіне жеке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімі 18 222,7 млн.теңгені немесе 101,5%-ды құрады.
Салық және бюджет
2022 жылдың 1 қарашасына қала бюджетіне 18 222,7 млн.теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, жоспармен 17 957,5 млн. теңге немесе 105,4%.
Салық және жергілікті бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересі 647 700,4 мың теңгені құрады.
4 Бюджет деңгейі
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Екібастұз аймағы бойынша 4 деңгейдегі бюджет көлемі 695,5 млн.теңгені құрады.
Бюджетке ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі - 133,2 млн.теңге, субвенциялар - 368,0 млн. теңге, меншікті кірістер - 194,3 млн. теңге.
2022 жылғы 1 қарашаға меншікті салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімі 582,2 млн.теңгені құрады, жоспармен 534,2 млн. теңге немесе 109%.
Бюджеттің шығыс бөлігі 99,8% - ға немесе 542,8 млн.теңгеге орындалды.
6.1 Еңбек нарығы
Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 696 адамды құрады (2021 жылы - 586 адам). .
2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 1 855 адам жұмысқа орналастырылды, 94- әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, жастар практикасы - 105.
Қоғамдық жұмыстарға 267 жұмыссыз қатысты.
4 237 жаңа жұмыс орны құрылды (жоспармен - 4 640), оның ішінде, тұрақты жұмыс орны - 3 174 (жоспармен - 3 507), уақытша жұмыс орны - 1 063 (жоспармен - 1 133),
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік көмек:
кедейлік шегіне дейін қосымша төлемдер - 4 311 адам (1 082 отбасы) 367,7 млн. теңге, 1 027 отбасына (4 077 адам) 329,5 млн. теңге;
тұрғын үй көмегін - 567 отбасына жалпы сомасы 12 763,0 мың теңге төленді.
6.2. Еңбекке ақы төлеу
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 307 182 теңгені немесе 2021 жылға 119,9%-ды құрады (3 тоқсанға стат.деректер).
Ауданда 71 білім беру нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 41 мектеп, 28 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме.
Мектеп контингенті - 22 183 оқушы (2020 жылы - 21 641).
Ағымдағы оқу жылында педагогтардың саны - 1 930 (2020 жылы - 1 867) құрады.
Бір жастан 3 жасқа дейінгі балаларды қамту - 50,3%-ды немесе 1 562 адамды құрады;
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту - 100%-ды немесе 5 284 адамды құрады;
Бір жылдан 6 жылға дейін қамту - 81,8% немесе 7 196 адам;
Мектепалды даярлықпен қамту 100%-ды құрады.
Екібастұз өңірінде 22 мемлекеттік денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді: қалалық аурухана (перзентхана құрамында), ЕМК, №2 және №3 емхана, 3 - дәрігерлік амбулатория, Байет ауылының ФАП - 1 және ауылдық аймақтағы медициналық пункт - 14.
№1 емхана МЖӘ аясында сенімді басқарудағы «Дисконт» ӨК дәрігерлік амбулатория - 1 және ауылдық аймақтағы медициналық пункт - 5.
2022 жылдың 10 айында қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттану 2021 жылмен салыстырғанда 7% - ға өскені байқалды. Бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 2 175,1 адамды (2021 жылы - 2 033,7) құрады.
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша онкологиялық сырқаттанушылық көрсеткішінің 17,4% - ға өсуі байқалады, 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 288,4 (2021 жылы - 245,6), туберкулезбен сырқаттану 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 19,1% - ға өсті (100 мың тұрғынға шаққанда 2021 жылы - 34,6, 2022 жылы - 41,2).
Екібастұз қаласы бойынша қалалық жолдардың және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы - 777,4 км (оның ішінде: республикалық маңызы бар - 271 км, облыстық маңызы бар-55,9 км) қалалық жолдар - 177,6 км, аудандық маңызы бар жолдар - 272,9 км,
Ағымдағы жылы қанағаттанарлық және жақсы күйдегі жолдардың үлесі 79,8% - ды құрады.
7 ауылдық округ, 2 ауыл және 2 кентте 11 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, олардың барлығында қызметтік автокөлік бар.
102 қоғамдық құрылым, оның ішінде 756 полицияның қоғамдық көмекшілері жұмыс істейді.
Тіркелген қылмыстар саны - 712 (2021 жылы - 743), оның ішінде көшелерде жасалғаны - 74 (2021 жылы - 81). Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 10,3%-ды (2021 жылы - 10,9%) құрады.
2022 жылдың басынан 96 ЖКО (2021 жылы - 120), қаза болғандар - 30 адам (2021 жылы - 11), зардап шеккендер - 173 адам (2021 жылы - 188) тіркелді. 2021 жылмен салыстырғанда ЖКО-да қаза тапқандар саны (100 зардап шегуші) 172,7 % - ға өсті, ЖКО-да зардап шеккендердің үлес салмағы 14,7% - ды құрады (2021 жылы - 5,5%).