2021 жылғы IV тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметінің есебіне

 

2021 жылдың 4 тоқсанында «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ 268 мемлекеттік қызмет көрсетті.  

  1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай - ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 223-і қанағаттандырылды, 128-інен бас тартылды.
  2. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметінің 45-і қанағаттандырылды.
  3. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 6 маманның өтінішінен бас тартты. Мемлекеттік қызмет «Ipoteka fagri.kz» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.

  Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ «Электрондық үкімет» веб-порталын танымал ету мақсатында жүйелі түрде түсіндіру іс-шаралары жүргізіліп отырады.

 2021 жылғы 23 желтоқсанда «KEDERCISIZ QYZMET» жоспары аясында «Open Ekibastuz» сервистік әкімдігінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өткізілді. Аталған іс-шарада ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 20 дана брошюралар таратылды және 5 кеңестік көмек көрсетілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

Дата публикации
03 января 2022