2022 жылғы І тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметінің есебіне талдамалық анықтама

 

2022 жылдың 1 тоқсанында «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ 168 мемлекеттік қызмет көрсетті, 66-ынан бас тартты.  

  1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай - ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 84 –і қанағаттандырылды, 66-ынан бас тартылды.
  2. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметінің 79-ы қанағаттандырылды.
  3. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 5-і қанағаттандырылды.

2022 жылғы 25 ақпанда көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында басшының қатысуымен Instagram әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфир ұйымдастырылды.

  Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ «Электрондық үкімет» веб-порталын танымал ету мақсатында жүйелі түрде түсіндіру іс-шаралары жүргізіліп отырады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

 

Дата публикации
01 апреля 2022