2022-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ШІДЕРТІ ПОСЕЛКЕСІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ (2022 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша)

Құрметті сайттың келермендері!

 

         Сіздердің назарларыңызға Шідерті поселкесі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2022-2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылған. 

 

          Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:

          - бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;

          - бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;

          - поселок бюджетін жоспарлау.

 

Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы

 

          Поселкенің  бюджеті жыл сайын үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережесіне сәйкес әзірленеді.

          2022-2024 жылдарға арналған Шідерті поселкесі бюджеті:

  • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне;
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережесіне сәйкес әзірленді.

 

2022 жылдарға арналған Шідерті поселкесінің бюджетінің  91 954 мың теңге көлемінде, соның ішінде жоғарыдан түскен трансфенттер – 77 147 мың теңге құрайды.

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

        Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы

 

 

 

Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру

 

 

 

1 қыркүйектен кешікпей дейін бюджеттік жобаны жергілікті қоғамдастық жиналысымен  келісілгеннен кейін жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру 

 

Бюджет жобасын бюджеттік комиссия мақұлдағаннан кейін 1 қарашадан кешікпей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына тапсыру

 

Үш жыл мерзімге арналған поселке бюджетін қала бюджетін бекіткеннен кейін  екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихатпен бекіту

 

Шідерті поселкесі бюджетін жоспарлау

 

2022-2024 жылдарға арналған Шідерті поселкесі  бюджетінің негізгі параметрлері

 

                                                                                                               мың теңге

 

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Түсімдер, оның ішінде:

90 608

87 906

89 881

Салықтық түсімдер

13 388

15 479

16 031

Салықтық емес түсімдер

73

76

79

Трансферттер

77 147

72 351

73 771

Шығыстар

91 954

87 906

89 881

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсімдер

 

Шідерті поселкесі бюджетінің негізгі кіріс көздері: жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық, жер салығы, заңды және жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, поселкенің коммуналды меншіктегі мүліктерін  жалға беруден түсетін кірістерді жалпы түсімдерден   13 461 мың теңге құрайды.

2022-2024 жылдарда өз кірістердің көлемі 13 461 мың теңгені, сәйкес  15 555 мың теңгені және 16 110 құрайды. Бұдан басқа, 2022-2024 жылдарда қала бюджетінен субвенция 70 789 мың теңге, 72 351 мың теңге, және  73 771 мың теңгеге сәйкес сомада белгіленген.

                       

 

                                              Шығыстар

 

2022–2024 жылдарға арналған поселке бюджетінің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген шараларды орындауға бағытталған.

2022 жылға арналған шығыстар нақтыланды, 2023-2024 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер анықталды.

 

2022-2024 жылдарға арналған Шідерті поселкесінің бюджет шығыстарының негізгі бағыттары

                                                                                                                                мың теңге

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Шығындар

91 954

87 906

89 881

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

38 454

36 585

36 663

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

30 696

32 231

33 841

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк

19 910

16 053

16 188

Көлiк және коммуникация

2 892

3 037

3 189

 

Мәдениет, спорт  және ақпараттық кеңiстiк

 

2022 жылға жергiлiктi деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға штат саны 11 бірлік  «Юбилейный» мәдениет үйін ұстауға және мәдени шаралар өткізуге  19 910 мың теңге сомада шығыстар қарастырылған. Поселке аумағында мәдени-көпшілік іс-шаралар, мемлекеттік, ұлттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жоспарланған.

Көлік және коммуникация

 

2022  жылға поселкенің жергілікті маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуға 2022 жылға арналған  поселке бюджетінде 2 892 мың теңге қарастырылған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту

 

2022  жылы көшені жарықтандыруға 16 471 мың теңге сомада және 945 мың теңге елді мекенді аббатандыруға шығыстар жоспарланған. Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру 13 280 мың теңге.

 

Дата публикации
13 мая 2022