2022-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚОЯНДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ (2022 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша)

Құрметті сайтқа кірушілер!

 

         Сіздердің назарларыңызға Қоянды ауылдық округінің  негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2022 – 2024 жылдарға арналған  азаматтық бюджеті ұсынылған. 

 

          Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:

          - бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;

          - бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;

          - ауылдық округтің бюджеті.

 

Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы

 

          Қоянды ауылдық округінің бюджеті Қазақстан Республикасы қаржы  министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470  бұйрығымен  бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірленеді.

          2022 – 2024 жылдарға арналған Қоянды ауылдық округінің бюджеті:

  • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне;
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;
  • Қазақстан Республикасы қаржы министрінің  бұйрығымен бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес әзірленді.

 

          2022 – 2024 жылдарға арналған Қоянды ауылдық округі бюджетінің  51 428 мың теңге көлемінде құрайды, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 49 587 мың теңге.

 

 

    

 

    Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы

 

 

 

 

Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру

 

 

 

1 қыркүйектен кешікпей дейін бюджеттік жобаны жергілікті қоғамдастық жиналысымен  келісілгеннен кейін жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру 

 

Бюджет жобасын бюджеттік комиссия мақұлдағаннан кейін

1 қарашадан кешікпей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына тапсыру

 

Үш жыл мерзімге арналған поселке бюджетін қала бюджетін бекіткеннен кейін  екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихатпен бекіту

 

Қоянды ауылдық округінің бюджет жобасы

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округі бюджеттің негізгі параметрлері

 

                                                                                                                мың. теңге

 

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Түсімдер, оның ішінде:

51 109

50 143

50 766

Салықтық түсімдер

1 522

2 680

2 806

Салықтық емес түсімдер

0

0

0

Трансферттердің  түсімі

49 587

47 463

47 960

Шығыстар

51 428

50 143

50 766

 

Түсімдер

 

            Ауылдық округ  бюджетінің негізгі кіріс көздері: жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтар,  жер салығы, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, жер учаскелерін пайдаланғаны төлем 1 522 мың теңгені құрайды.

Бұдан басқа, 2022 – 2024 жылдар аралығында қалалық бюджеттен 46 675 мың теңге, сәйкесінше 47 463 мың теңге және 47 960 мың теңге субвенциялар құрылды.

2022 жылы меншікті кіріс көлемі 1 522 мың теңге көлемінде жоспарланған.                              2023 – 2024 жылдары меншікті кірістердің көлемі сәйкесінше 2 680 мың теңге және    2 806 мың теңгені құрайды.

 

 

 

 

Шығыстар

 

2022 – 2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеттің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген шараларды орындауға бағытталған.

2022 жылға арналған шығыстар нақтыланды, 2023 – 2024 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер анықталған.

 

2022-2024 жылдарға арналған Қоянды ауылдық округтің бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары

                                                                                                                                 мың.теңге

 

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Шығындар

51 428

50 143

50 766

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

40 860

39 046

39 115

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

6 391

6 711

7 046

Көлік және коммуникация

4 177

4 386

4 605

 

 

Көлік және коммуникация

 

Шығыстар жергілікті маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған.

                                                                                                           мың.теңге

                     Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Қөлік және коммуникацияға шығыстар, барлығы

4 177

4 386

4 605

соның ішінде:

 

 

 

Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер

4 177

4 386

4 605

 

 

2022 жылға арналған бюджетте ауылдық округтің автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 4 177 мың теңге қарастырылған. Қаражаттар поселке және квартал ішіндегі жолдарды ағымдағы  ұстауға және оларды қысқы мерзімде  бағыттау жоспарлануда, жазғы кезеңде көше-жол желісін ұстау.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту

 

Жарықтандыруға байланысты шығыстар  Қоянды, Құрылысшы, Теміртас және Бесқауға ауылдарына 3 892 мың теңге сомада,  елді мекендерді сумен қамтамасыз ету Бесқауға ауылында 2 499 мың теңге сомада құрайды.

 

                                                                                                         

                                                                                                              

 

                                                                                                       мың.теңге

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына шығыстар, барлығы

6 391

6 711

7 046

соның ішінде:

 

 

 

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

 

2 499

2 624

2 755

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

 

3 892

4 087

4 291

 

 

Дата публикации
13 мая 2022