2022-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕМІРЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ (2022 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша)

Құрметті сайтқа кірушілер!

 

         Сіздердің назарларыңызға Теміржол ауылдық округінің  негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2022 – 2024 жылдарға арналған  азаматтық бюджетінің жобасы ұсынылған. 

 

          Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:

          - бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;

          - бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;

          - поселке бюджетін жоспарлау.

 

Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы

 

          Ауылдық округінің бюджеті Қазақстан Республикасы қаржы  министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470  бұйрығымен  бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірленеді.

          2022-2024 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округінің  бюджеті:

  • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне;
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;
  • Қазақстан Республикасы қаржы министрінің  бұйрығымен бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес әзірленді.

 

          2022-2024 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округінің  бюджеті 44 289 мың теңге көлемінде, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер  37 305 мың теңге.

 

 

 

                                        Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы

 

 

 

 

Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру

 

 

 

1 қыркүйектен кешікпей дейін бюджеттік жобаны жергілікті қоғамдастық жиналысымен  келісілгеннен кейін жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру 

 

Бюджет жобасын бюджеттік комиссия мақұлдағаннан кейін 1 қарашадан кешікпей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына тапсыру

 

Үш жыл мерзімге арналған поселке бюджетін қала бюджетін бекіткеннен кейін  екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихатпен бекіту

 

 

 

Теміржол ауылдық округі бюджетін жоспарлау

 

 

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округі бюджеттің негізгі параметрлері

 

                                                                                                                мың. теңге

 

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Түсімдер, оның ішінде:

42 737

43 579

44 397

Салықтық түсімдер

5 432

6 051

6 283

Салықтық емес түсімдер

0

0

0

Трансферттердің  түсімі

37 305

37 528

38 114

Шығыстар

44 289

43 579

44 397

 

 

 

 

Түсімдер

 

          Ауылдық округінің бюджетінің негізгі кіріс көздері: жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтар,  жер салығы, заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық,  жер учаскелерін пайдаланғаны төлем, түсетін кірістерді есептегенде жалпы сомасы 5 432 мың теңгені.

Бұдан басқа, 2022-2024 жылдарда қалалық бюджеттен 37 050 мың теңге, 37 528  мың тенге және 38 114 мың теңге субвенциялар белгіленген.

Ауылдық округінің жекеменшік кірістерінің көлемі 2022 жылға 5 432 мың теңге сомада.

2023-2024 жылдарда жеке меншік кірістердің көлемі 6 051 мың теңгеге және 6 283 мың теңгеге сәйкес құрайды.

 

 

Шығыстар

 

2022–2024 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округі бюджеттің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген шараларды орындауға бағытталған.

2022 жылға арналған шығыстар нақтыланды, 2023-2024 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер анықталған.

 

2022–2024 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округінің бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары

                                                                                                                                 мың.теңге

 

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Шығындар

44 289

43 579

44 397

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

29 010

29 165

29 261

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

10 596

9 497

9 973

Көлiк және коммуникация

4 682

4 917

5 163

 

Көлік және коммуникация

 

Шығыстар жергілікті маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған.

                                                                                                               мың.теңге

                     Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Қөлік және коммуникацияға шығыстар, барлығы

4 682

4 917

5 163

соның ішінде:

 

 

 

Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер

4 682

4 917

5 163

 

 

 

2022 жылға арналған бюджетте ауылдық округінің автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 4 682 мың теңге қарастырылған. Қаражаттар ауылдық округінің кіреберіс жолдарын ұстап тұруына жіберілді.

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту

 

 

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруына байланысты шығыстар    3 169 мың теңге сомада,  жарықтандыруға 6 351 мың теңге сомада құрайды.

 

                                                                                                                    мың.теңге

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына шығыстар, барлығы

10 596

8 424,0

8 742,0

соның ішінде:

 

 

 

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

 

3 169

3 327

3 494

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

 

6 351

5 040

5 293

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

 

1 076

1 130

1 186

 

Дата публикации
13 мая 2022