Ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін нығайту, ауылдық жерлерде диплом алған кадрларды бекіту мақсатында 2009 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды».
Аталған бағдарлама Әлеуметтік сала, агроөнеркәсіптік кешен мамандарына және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға бағытталған.
Бұл бағдарламаға ауылдық жерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдерді және әкімдердің орынбасрларын қоспағанда) қатыса алады.
Алушы үшін негізгі талап осы ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымда тиісті мамандық бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесін өзіне алу болып табылады.
100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға немесе салуға (жұмыс орны бойынша) жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі бойынша он бес жылға дейінгі мерзімге 1500 АЕК аспайтын сомада әлеуметтік қолдау шараларын ресімдеу мүмкіндігі көзделеді.
Көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредитке бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.
Егер еңбек қатынастары бұрын үш жыл өткеннен кейін үзілсе, бюджет қаражаты бюджетке толық көлемде қайтарылады.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.
2) тұрғын үйсатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
Кредиттік бюродан есеп.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8 (7187) 34 78 13 телефоны бойынша түсініктеме ала аласыз.