«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің бюджеттік саясат және жоспарлау секторы туралы ЕРЕЖЕ

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің бюджеттік саясат және жоспарлау секторы туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережесі

 

  1. Бюджеттік саясат және жоспарлау секторы «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымды бөлімшесі болып табылады.
  2. Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президент, Үкімет актілерін, облыстық және қалалық мәслихаттың, облыс және қала әкімдерінің нормативтік актілерін, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме  туралы ережесін, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарын, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады. 
  3. Бюджеттік саясат және жоспарлау секторының құрылымы, штаттық санын «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің» басшысымен Қазақстан Республикасының заңнамасы тәртібімен бекітіледі.
  4. Бюджеттік саясат және жоспарлау секторы: 1 – сектор меңгерушісінен, 4 – бас маманнан тұрады.

 

  1. Бюджеттік саясат және жоспарлау секторының негізгі міндеттері, функциялары, құқығы және міндеттері :

 

  1. Міндеті: әлеуметтік-экономикалық даму болжамына  үш жылдық кезеңге бюджеттік параметрлерін әзірлеу және болжам түсімдерін қаржы жылына және алдағы үш жылдық мерзімге құру.

1) қаланың бюджеттік саясатының  негізгі бағыттарын әзірлеу  және оны   іске асыруды қамтамасыз ету;

2) қала бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру, әзірлеу, құру

3) бюджеттің негізгі параметрлері болжамын құру;

4) ағымдағы бюджеттік бағдарлама және бюджеттік бағдарламаның  дамуы үшін шығындар параметірлерін анықтап және оларды бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жеткізеді;

5) қаланың ірі салық төлеушілері бойынша мониторингісін жүргізу;

6) қала бюджетіне түсетін түсімдерді динамикасын ай сайын жүргізу.

  1. Міндет: әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына өткен және ағымдағы қаржы жылдарының бюджеттің орындалу нәтижелер есебімен басты бағыттарын  сақтап және қолданыстағы заңнамаға сәйкес, болжам түсімдеріне сәйкес, алдағы қала   бюджетінің  жобасын әзірлеу және құру;

          Функциялары:

1) қала бюджетінің кірістерін және шығындарын жоспарлауды ұйымдастыру және іске асыру;

2)  үш жылдық бюджет жобаларын әзірлеу және оны   іске асыруды қамтамасыз ету;

3) алдағы мерзімге бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін және стратегиялық жоспарларын қарастырады;

  1. Міндет: бюджеттің нәтижелі орындалу мақсатында қаржы жылына сәйкес бюджетті  түзету және нақтылау;

           Функциялары:

1)  қала бюджетін нақтылау және түзету бойынша ұсыныстар енгізеді;

2) үш жылдық бюджет жобаларын әзірлеу және оны   іске асыруды қамтамасыз ету;                                             

          3) алдағы мерзімге бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарлама жобаларын және бюджеттік өтінімдерін  қарастырады;

4) мекемелердің  құрылымдарын  жақсарту бойынша ұсыныстарды

әзірлеуге қатысады.

  1. Құқығы мен міндеттері:

1) өңірде орналасқан қаланың мемлекеттік басқару органдарынан, кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелерінен қажетті ақпараттарды, нормативті және анықтамалық құжаттарды   сұрау;

2) экономика және қаржы бөлімі басшысының қарауына оның құзырына

қарайтын мәселерді шешу бойынша ұсыныстарды енгізу;

3) мемлекеттік басқару органдары, мұрағат, ғылыми мекемелер және

кітапханалар ақпараттық мәліметтер банкін пайдалану; 

4) Сектор   қызметкерлерінің   біліктілігін және кәсіби деңгейін  семинар,

курстарда және де басқа да оқытуда үнемі арттыру.

    

  1. Бюджеттік саясат және жоспарлау секторының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бюджеттік саясат және жоспарлау секторы Қазақстан Республикасының Президенті актілерімен, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілерімен, заңнамалық актілерге сәйкес оның негізгі міндеттері және функциялары іске асыру үшін қажетті өкілеттікке иеленген.
  2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік саясат және жоспарлау секторын сектор меңгерушісі басқарады, Қазақстан Республикасында заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

 

  1. Сектор меңгерушісі құрылымдық бөлімше қызметінің жалпы басшылықты іске асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және өз функцияларын жүзеге асыруға персоналды түрде жауап береді
  2. Сектор меңгерушісі мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы және штаттық кесте бойынша ұсыныс жасайды.
  3. Осы мақсатта басшы:

1) өз қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіліктерін анықтайды;

2) заңмен және Қазақстан Республикасының Президенті актілеріне сәйкес басқа өкілеттіліктерін іске асырады.

  1.    Сектор қызметкерлерінің жұмыс  тәртібі Қазақстан Республикасының  Еңбек Кодексі және ішкі тәртібімен  реттеледі.
  2.   Сектор қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексімен және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы қолдайды, жазалайды, жұмыстан шығарады.

 

 

 

           Сектор меңгерушісі                                                 М.Шайзадинова

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 февраля 2022