«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің коммуналдық меншікті басқару жөніндегі секторы туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережесі
- Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі секторы «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымды бөлімшесі болып табылады.
- Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президент, Үкімет актілерін, облыстық және қалалық мәслихаттың, облыс және қала әкімдерінің нормативтік актілерін, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме туралы ережесін, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарын, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
- Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі секторының құрылымы, штаттық санын «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің» басшысымен Қазақстан Республикасының заңнамасы тәртібімен бекітіледі.
- Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі секторы: 1 – сектор меңгерушісінен, 4 – бас маманнан тұрады.
- Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі секторының негізгі міндеттері, функциялары, құқығы және міндеттері:
- Міндеті: коммуналдық меншікті басқару жөніндегі секторының жұмыс жоспарын әзірлеу және есептілікті ұсыну. Өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында құқықтық актілерді дайындау.
1) Сектор қызметін үйлестіру және бақылау, коммуналдық меншікті басқару жөніндегі секторының жұмыс жоспарын әзірлеу және есептілікті ұсыну;
2) Өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында құқықтық актілерді дайындау;
3) Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте иесіз деп танылған, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен, коммуналдық меншікке бағытталған (келіп түскен) аудандық мүлікті, сондай-ақ иесіз мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалау бойынша жұмыс жүргізу;
- Міндет: Өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушылары арасындағы таза кірістің, мемлекетке тиесілі жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің уақытылы бөлінуін бақылауды жүзеге асыру.
Функциялары:
1) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша жұмыс жүргізу;
2) коммуналдық меншіктің келесім шаттарының реестрын түзету, толтыру, жүргізу;
3) мемлекеттік мүлікке құқықты куәландыратын және құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу, оның ішінде аудандық коммуналдық мүліктің жылжымалы және жылжымайтын объектілеріне мемлекеттік тіркеу жүргізу.
- Міндет: Аудандық коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі құқықтық актілерді дайындау. Екібастұз қаласының аудандық коммуналдық заңды тұлғаларының коммуналдық мүліктерін пайдалану мәселелері жөніндегі тақырыптық тексерулерді жүзеге асыру.
Функциялары:
1) Коммуналдық меншік мәселелері бойынша сот талаптарын, өзге де өтініштерді дайындау және беру, коммуналдық меншік мәселелері бойынша сот отырыстарына талапкер (өтініш беруші), жауапкер, үшінші тұлға ретінде қатысу. Иесіз тұрғын емес объектілерді түгендеуге қатысу және оларды іске қосу.
- Құқығы мен міндеттері:
1) өңірде орналасқан қаланың мемлекеттік басқару органдарынан, кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелерінен қажетті ақпараттарды, нормативті және анықтамалық құжаттарды сұрау;
2) экономика және қаржы бөлімі басшысының қарауына оның
құзырына қарайтын мәселерді шешу бойынша ұсыныстарды енгізу;
3) мемлекеттік басқару органдары, мұрағат, ғылыми мекемелер және
кітапханалар ақпараттық мәліметтер банкін пайдалану;
4) Сектор қызметкерлерінің біліктілігін және кәсіби деңгейін семинар, курстарда және де басқа да оқытуда үнемі арттыру.
- Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі секторының қызметін ұйымдастыру
- Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі секторы Қазақстан Республикасының Президенті актілерімен, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілерімен, заңнамалық актілерге сәйкес оның негізгі міндеттері және функциялары іске асыру үшін қажетті өкілеттікке иеленген.
- «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі секторын сектор меңгерушісі басқарады, Қазақстан Республикасында заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
- Сектор меңгерушісі құрылымдық бөлімше қызметінің жалпы басшылықты іске асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және өз функцияларын жүзеге асыруға персоналды түрде жауап береді
- Сектор меңгерушісі мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы және штаттық кесте бойынша ұсыныс жасайды.
- Осы мақсатта басшы:
1) өз қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіліктерін анықтайды;
2) заңмен және Қазақстан Республикасының Президенті актілеріне сәйкес басқа өкілеттіліктерін іске асырады.
- Сектор қызметкерлерінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және ішкі тәртібімен реттеледі.
- Сектор қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексімен және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы қолдайды, жазалайды, жұмыстан шығарады.
Сектор меңгерушісі Г.Балтанова