«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау және мониторингі секторының
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ереже
- Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау және мониторингі секторы «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымды бөлімшесі болып табылады.
- Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президент, Үкімет актілерін, облыстық және қалалық мәслихаттың, облыс және қала әкімдерінің нормативтік актілерін, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме туралы ережесін, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарын, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
- Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау және мониторингі секторының құрылымы, штаттық санын «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің» басшысымен Қазақстан Республикасының заңнамасы тәртібімен бекітіледі.
- Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау және мониторингі секторы: 1 – сектор меңгерушісінен, 2 – бас маманнан тұрады.
- Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау және мониторингі секторының негізгі міндеттері, функциялары, құқығы және міндеттері:
- Міндеті: өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұжырымдамасын құру.
1) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру;;
2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу;
3) мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын инвестициялық жобалардың мониторингі;
- Міндет: мемлекеттік жоспарлау бағдарламалық құжаттарын және нормативтік актілерді іске асыру бойынша бірыңғай және толықтығын қамтамасыз ету
Функциялары:
1) жетекшілік ететін салаларда стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру және жету бойынша қаланың мемлекеттік органдарының қызметі тиімділігін бағалау бойынша жұмысты үйлестіру;
- Міндет: Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы кешенді бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша мониторинг жүргізу
Функциялары:
1) мемлекеттік жоспарлау бағдарламалық құжаттарына мониторинг жүргізу;
2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау және мониторинг жүргізу;
3) өңірдің ауылдық аумағының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау және мониторинг жүргізу;
4) мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын, инвестициялық жобаларды іске асырылуына мониторинг жүргізу;
5) қала кәсіпорындарының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері
бойынша экономикалық дамуы мониторингісін жүргізу;
6) мемлекеттік – жеке кәсіпкерлік серіктестік шеңберінде жобаларды
талдау және мониторингілеу;
7) өңірдің рейтингтік бағасы бойынша мониторинг және талдау.
- Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру.
- Құқығы мен міндеттері:
1) өңірде орналасқан қала кәсіпорын, ұйымдар және мекемелер мемлекеттік басқару органдарынан олардың ведомствалық бағынысына қарамастан, қажетті ақпаратты, нормативті және анықтама құжаттарды сұрауға;
2) мемлекеттік мекемелерге өңірдің экономикалық дамуы бойынша кейбір
сұрақтарды шешу үшін материалдар дайындауды тапсыру;
3) экономика және қаржы бөлімі басшысының қарастыруына,құзырына жататын сұрақтарды шешуге ұсыныс енгізу;
4)мемлекеттік басқару органдары, мұрағат, ғылыми мекемелер және
кітапханалар ақпараттық мәліметтер банкін пайдалану;
5) Сектор қызметкерлерінің біліктілігін және кәсіби деңгейін семинар,
курстарда және де басқа да оқытуда үнемі арттыру.
6) секторға жүктелген міндеттер, өкімдер, тапсырмалар, нұсқаулар және басқа құжаттарды сапалы және мерзімінде орындау;
7) мемлекеттік және орындаушылық тәртіпті, ішкі тәртібін сақтау.
- Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау және мониторингі секторының қызметін ұйымдастыру
- Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау және мониторингі секторы Қазақстан Республикасының Президенті актілерімен, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілерімен, заңнамалық актілерге сәйкес оның негізгі міндеттері және функциялары іске асыру үшін қажетті өкілеттікке иеленген.
- «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау және мониторингі секторын сектор меңгерушісі басқарады, Қазақстан Республикасында заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
- Сектор меңгерушісі құрылымдық бөлімше қызметінің жалпы басшылықты іске асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және өз функцияларын жүзеге асыруға персоналды түрде жауап береді.
- Сектор меңгерушісі мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы және штаттық кесте бойынша ұсыныс жасайды.
- Осы мақсатта басшы:
1) өз қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіліктерін анықтайды;
2) заңмен және Қазақстан Республикасының Президенті актілеріне сәйкес басқа өкілеттіліктерін іске асырады.
- Сектор қызметкерлерінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және ішкі тәртібімен реттеледі.
- Сектор қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексімен және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы қолдайды, жазалайды, жұмыстан шығарады.
Сектор меңгерушісі К.Сагитова