«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің иесіз қалған мүлікпен жұмыс жөніндегі және тұрғын үйді бөлу секторы туралы ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережесі
- Иесіз қалған мүлікпен жұмыс жөніндегі және тұрғын үйді бөлу секторы «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымды бөлімшесі болып табылады.
- Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президент, Үкімет актілерін, облыстық және қалалық мәслихаттың, облыс және қала әкімдерінің нормативтік актілерін, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме туралы ережесін, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарын, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
- Иесіз қалған мүлікпен жұмыс жөніндегі және тұрғын үйді бөлу секторының құрылымы, штаттық санын «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің» басшысымен Қазақстан Республикасының заңнамасы тәртібімен бекітіледі.
- Иесіз қалған мүлікпен жұмыс жөніндегі және тұрғын үйді бөлу секторы: 1 – сектор меңгерушісінен, 2 – бас маманнан тұрады.
- Иесіз қалған мүлікпен жұмыс жөніндегі және тұрғын үйді бөлу секторының негізгі міндеттері, функциялары, құқығы және міндеттері :
- Міндеті: мемлекеттік тұрғын үйді бөлу және есеп бойынша жедел жұмыс.
1) Азаматтардың өтініштері мен шағымдары бойынша тұрғын үй жағдайларын зерттеу;
2) Тұрғын үй мәселелері бойынша қала әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау;
3) Талапкер (өтініш беруші), жауапкер, үшінші тұлға, Бөлім міндеттеріне байланысты істер жөніндегі куәгер ретінде бірінші саты сотында және басқа да мемлекеттік органда мүдделерін қорғауды жүзеге асыру.
- Міндет: Азаматтардың өтініштері мен шағымдары бойынша тұрғын үй жағдайларын зерттеу. Заңды және жеке тұлғалардың иесіз, тасталған (қалдырылған) жылжитын және жылжымайтын мүліктерін табу және пәтерлерді иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қою бойынша жұмыстарды жүргізу.
Функциялары:
1) Бос тұрған пәтерлерді анықтау, олардың техникалық жағдайын тексеру;
2) Тұрғын үй мәселелері бойынша қала әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау.
- Міндет: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;
Функциялары:
1) СБӨ (сервистік бағдарламалық өнім) бойынша кезектілік тізімдерін уақтылы түгендеу;
2) Мемлекеттік тұрғын үйді жалдау үшін белгіленген тарифтің төленуін бақылау.
- Құқығы мен міндеттері:
1) өңірде орналасқан қаланың мемлекеттік басқару органдарынан, кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелерінен қажетті ақпараттарды, нормативті және анықтамалық құжаттарды сұрау;
2) экономика және қаржы бөлімі басшысының қарауына оның құзырына қарайтын мәселерді шешу бойынша ұсыныстарды енгізу;
3) мемлекеттік басқару органдары, мұрағат, ғылыми мекемелер және
кітапханалар ақпараттық мәліметтер банкін пайдалану;
4) Сектор қызметкерлерінің біліктілігін және кәсіби деңгейін семинар,
курстарда және де басқа да оқытуда үнемі арттыру.
- Иесіз қалған мүлікпен жұмыс жөніндегі және тұрғын үйді бөлу секторының қызметін ұйымдастыру
- Иесіз қалған мүлікпен жұмыс жөніндегі және тұрғын үйді бөлу секторы Қазақстан Республикасының Президенті актілерімен, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілерімен, заңнамалық актілерге сәйкес оның негізгі міндеттері және функциялары іске асыру үшін қажетті өкілеттікке иеленген.
- «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік саясат және жоспарлау секторын сектор меңгерушісі басқарады, Қазақстан Республикасында заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
- Сектор меңгерушісі құрылымдық бөлімше қызметінің жалпы басшылықты іске асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және өз функцияларын жүзеге асыруға персоналды түрде жауап береді
- Сектор меңгерушісі мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы және штаттық кесте бойынша ұсыныс жасайды.
- Осы мақсатта басшы:
1) өз қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіліктерін анықтайды;
2) заңмен және Қазақстан Республикасының Президенті актілеріне сәйкес басқа өкілеттіліктерін іске асырады.
- Сектор қызметкерлерінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және ішкі тәртібімен реттеледі.
- Сектор қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексімен және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы қолдайды, жазалайды, жұмыстан шығарады.
Сектор меңгерушісі А.Жангельдина