«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің  бюджетті орындау мен талдау және қаржылық есептілік секторы туралы  ереже

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің

 бюджетті орындау мен талдау және қаржылық есептілік секторы туралы

 ереже

 

1.Жалпы ереже

 

  1. Бюджетті орындау мен талдау және қаржылық есептілік секторы «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің, Үкіметтің актілерін, облыстық және қалалық мәслихаттардың, облыс және қала әкімдерінің нормативтік актілерін, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бюджетті орындау мен талдау және қаржылық есептілік секторының құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы бекітеді.
  4. Бюджетті атқару мен талдау және қаржылық есептілік секторы: 1 сектор меңгерушісінен, 4 бас маманнан тұрады.

 

 

  1. Бюджетті орындау мен талдау және қаржылық есептілік секторының негізгі міндеттері, қызметері, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: бюджетті орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  2. Қызметтері:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, Екібастұз қаласы бюджетінің түсімдері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жүзеге асыру және жасау, бекіту және жүргізу;

3) әкімшілендірілетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленетін сомаларын қайтаруға немесе оларды бюджетке берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуға мониторингті жүзеге асыру;

4) бюджет қаражатын басқаруды жүзеге асыру;

5) Екібастұз қаласы бюджетінің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепке алуды және бюджеттік есептілікті жүргізу;

6) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган белгілеген есептілікті жасау болып табылады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) қаладағы мемлекеттік басқару органдарынан, өңір аумағында орналасқан кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпаратты, нормативтік және анықтамалық құжаттаманы сұратуға;

2) экономика және қаржы бөлімі басшысының қарауына өз құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелер мен кітапханалардың ақпараттық деректер банкін пайдалануға;

4) сектор қызметкерлерінің біліктілігін және кәсіби деңгейін семинарларда, курстарда және оқытудың басқа да түрлерінде ұдайы арттыруға міндетті.

 

  1. Бюджетті орындау мен талдау және қаржылық есептілік секторының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бюджетті орындау мен талдау және қаржылық есептілік секторы заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджетті орындау және талдау және қаржылық есептілік секторын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын сектор меңгерушісі басқарады.
  3. Сектор меңгерушісі құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Сектор меңгерушісі мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Осы мақсатта басшы:

1) өз қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Сектор қызметкерлерінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің нормаларымен және ішкі тәртіптемемен реттеледі.
  2. Сектор қызметкерлерін көтермелеуді, жұмыстан босатуды, жазалауды Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы жүргізеді.

 

 

Сектор меңгерушісі                                     С.Камзина

Дата публикации
15 февраля 2022