2021 жылғы 1 қаңтардан 14 сәуірге дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

2021 жылғы 1 қаңтардан 14 сәуірге дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ (бұдан әрі-Бөлім) ұйымдастыру - басқару қызметі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ бөлімнің жұмыс тобының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №18 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Бөлім өз қызметін Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 1486/12 қаулысымен бекітілген "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, оған сәйкес бөлім негізгі мәселелермен айналысады:

-әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып және қолданыстағы заңнамаға сәйкес, түсімдердің болжамына сәйкес, өткен және ағымдағы қаржы жылдарының бюджетін атқарудың нәтижелерін ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын әзірлеу және қалыптастыру;

- өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын әзірлеу;

 - қаржы жылына және алдағы үш жылдық кезеңге қала бюджеті түсімдерінің болжамын жасау;

 – бюджеттің 4-ші деңгейін әзірлеу және жасау.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

- бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

"Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау" бағыты бойынша бөлім жұмысында қолданылатын келесі нормативтік құқықтық актілерге ішкі талдау жүргізілді: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Салық кодексі, "ҚР мемлекеттік қызметі туралы" Заң, "ҚР Мемлекеттік өрсетілетін қызметтер туралы" Заң

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша лауазымды тұлғалардың өз қалауы бойынша шешім қабылдауы үшін жағдайлар болатын баптар мен ережелер белгіленбеген.

2021 жылғы 1 қаңтардан 14 сәуірге дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама
Дата публикации
07 сентября 2021