Қалалық бюджет жыл сайын үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережесіне сәйкесәзірленеді.
2021-2023 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті:
· Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне;
· Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;
· Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережесіне;
· 2021-2025 жылдарға арналған Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған.