2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТӨРТ-ҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ (жоба)

Ауылдық округі бюджеті Қазақстан Республикасы қаржы  министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470  бұйрығымен  бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірленеді.

         2021-2022 жылдарға арналған Төрт-Құдық ауылдық округі бюджетінің жобасы:

  • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне;
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;
  • Қазақстан Республикасы қаржы министрінің  бұйрығымен бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес әзірленді.

         2021-2023 жылдарға арналған Төрт-Құдық ауылдық округі бюджетінің жобасы  30 497 мың теңге көлемінде жобаланады, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 25 024 мың теңге.

Дата публикации
21 декабря 2020