Қалалық бюджет жыл сайын үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережесіне сәйкесәзірленеді.
2020-2022 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті:
· Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IVБюджет кодексіне;
· Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;
· Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережесіне;
· 2020-2024 жылдарға арналған Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған.
2020-2022 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті36 099,0млн.теңге көлемінде Екібастұз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы (VI шақырылғанкезекті LI сессия) № 406/51шешімімен бекітілген, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер менкредиттер 14 958,8млн. теңге.
2021 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша енгізілген өзгерістер есебімен (Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 09 желтоқсандағы № 479/62 шешімі) қала бюджеті 46 009,0 млн. теңгені құрайды, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер мен кредиттер 25 191,3 млн. теңге.