Поселкенің бюджеті жыл сайын үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережесіне сәйкес әзірленеді.
2020-2022 жылдарға арналған Шідерті поселкесі бюджеті:
2020 жылдарға арналған Шідерті поселкесінің бюджеті 241 499,0 мың теңге көлемінде, соның ішінде жоғарыдан түскен трансферттер – 231 844,0 мың теңге құрайды.