2020 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметі туралы есепті талқылау ХАТТАМАСЫ

2020 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы

«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметі туралы  есепті талқылау

ХАТТАМАСЫ

 

Екібастұз қаласы                              № 1             2021 жылғы 10 наурызы

 

Төрағалық еткен: бөлім басшысы – Резуанов Асылбек  Кабылканович.

 

Қатысқандар: қызмет алушылар (директордың орынбасарлары, БЖСМ әдіскерлері), ХҚКО және бөлімнің мамандары.

Барлығы – 20 адам.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

Екібастұз қаласының 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметі туралы

 

Баяндаған: С.Х.Тулеубаева – бөлімнің бас маманы.

 

Есепті талқылау.

Тізілімге сәйкес мемлекеттік мекеме Халыққа қызмет көрсету мемлекеттік корпорациясы арқылы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

2020 жылы 850 мемлекеттік қызмет көрсетілді және қаралды, кері қайтарылғандар – жоқ.

2021 жылы:

-  №1  БЖСМ  - 226  - спорттық разрядтар, біліктілік санаттары - 5,

- №3  БЖСМ –162- спорттық  разрядтар - 162, біліктілік санаттары– 3,

-«Жасыбай» БЖСМ — 380 - спорттық разрядтар, біліктілік санаттары –8,

-«Кайнар» БҚО — 55 — спорттық разрядтар, біліктілік санаттары -11 және т.б.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, көрсету нысаны - қағаз түрінде, 10күн.

Бөліммен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.


         Бөлімнің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет туралы есеп орналастырылады.
         2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бөлім қызметкерлері мен директорлардың, директордың орынбасарлары мен БЖСМ әдіскерлерінің қатысуымен 3 құқықтық жалпы оқыту өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

2020 жылдың 18-22 мамырында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты маман «Ммемлекеттік қызметтердің нәтижелерін басқару» оқуына қатысты.
         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша:
         - тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің уақтылы бекітілуіне және ресми жариялануына, сондай-ақ олардың заңнамаға сәйкестігіне мониторинг жүргізу;
         - ішкі бақылау бойынша жұмысты күшейту және ЖАО бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарларын 100% орындау және тексеру іс-шараларының актілерін жасау тәртібін сақтау;
         - 2021 жылғы 1 сәуірге дейін әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы жариялансын.

Дата публикации
10 марта 2021