"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектерге арналған спорт
мектептері қызметінің
қағидаларына
2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

 Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе портал арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) сағат.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00 – ден 18.30 – ға дейін.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
 Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/entities/mcs "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш;
2) оқуға түсушінің жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4) таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама;
 5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 031/е (Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытындыны мүгедектер ұсынады) нысандағы медициналық құжаттама.
Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының немесе заңды өкілінің) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтамасының электрондық көшірмесі;
 3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 031/е (Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытындыны мүгедектер ұсынады) нысандағы медициналық құжаттаманың электрондық көшірмесі.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Стандартында және осы Қағидалардың 9-1 және 11-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Спорттық-сауықтыру топтарына және спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлық топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы бойы жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алуға сұранысты портал арқылы электрондық нысанда жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы немесе Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

     

 

Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектерге арналған спорт
мектептері қызметінің
қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

 

____________________________
(Көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
____________________________
не ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері:

       _________________________________________________________________

       _________________________________________________________________

       _________________________________________________________________

       _________________________________________________________________

      (атауы және заңды мекен-жайы)

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:

      1)___________________________________________________________;

      2)___________________________________________________________;

      3)___________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

       Орындаушы: _______________________________________ _________

       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                   (қолы)

       Телефоны ____________________

       Алдым: ____________________________________________ _________

       (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,             (қолы)

      әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___"_________"

 

Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектерге арналған спорт
мектептері қызметінің
қағидаларына 4-қосымша

       Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Нысан                  

 Спортшының жеке карточкасы

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) ____ Туған жылы, айы, күні ___

      Спорт түрі __________________________________________________________

      Спортпен шұғылдану сабақтарының басталған жылы, айы _________________

      Спорт мектебі _______________________________________________________

      Спорт қоғамы _____________________________ Қала _____________________

     

     

Дата публикации
03 февраля 2021