«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша аналитикалық анықтама

«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша аналитикалық анықтама

Екібастұз қаласы 2021 жылғы 08 ақпан

«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2021 жылғы №4-02-08 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2020 жылдың 01 қарашасынан 2021 жылдың 01 ақпанына дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.
2. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы:
Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандарымен әкімшілік лауазымдарға орналасуға шектеулер қабылданды (мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің және қызметтік әдеп қағидаларының нормаларымен танысу, міндеттеме).
«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ құрылымы бойынша 5 бірлік мемлекеттік қызметші есепте тұр (1 бірлік – бөлім басшысы, 4 бірлік-бас маман). Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 4 адам.
Азаматтық қызметшілердің штат саны бойынша: 4,5 бірлік техникалық персонал қызметкерлері (1 бірлік статистик (материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануды бақылау), 1 бірлік әдіскер (әдістемелік көмек көрсету, мемлекеттік тілді үйрену бойынша семинарлар өткізу), 1 бірлік редактор (конкурстарды ұйымдастыру, заңнамаға сәйкес рейдтер жүргізу, көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде редакциялау), 0,5 бірлік мұрағатшы (бөлімнің құжаттама мұрағатын жүргізу, сақтау және өңдеу бойынша қызметті қамтамасыз ету).
Бүгінгі таңда бас маманның орны бос (бала күтімі демалысында).
Бұл сан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1002 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер санының қолданыстағы бірыңғай салааралық нормативтеріне сәйкес келеді
Көрсетілген кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар бөлімде жоқ. Мемлекеттік қызметте шектеулердің сақталуын бұзушылықтар жоқ. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қылмыстық қылмыс жасаған адамдарды мемлекеттік қызмет өткеру және мүдделер қақтығысы кезеңінде жұмысқа қабылдау фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамау фактілерінің алдын алу мақсатында бөлімде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсету бойынша семинарларды ұйымдастыру және қатысу түрінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, стендтерде пара алуға және беруге жол бермеу туралы плакаттар орналастырылған.
Жыл басынан бері біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлер жоқ.
2) мүдделер қақтығысын реттеу:
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметіне жатқызуға болатын функциялар (хатшылар, іс жүргізушілер, компьютерлік техникаға қызмет көрсету) жоқ.
Мемлекеттік органға тән емес функциялар мен өкілеттіктерді қайталау жоқ. Осылайша, ұжым арасында мүдделер қақтығысы болмайды.
3) Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;
4) рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыру: Бөлім жүзеге асырмайды.
5) мемлекеттік сатып алуды іске асыру:
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға және бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
2020 жылы мүмкіндігі шектеулі балалар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Ақ көгершін-2020» конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерге» 1 конкурс өткізілді. Әлеуметтік тапсырысқа конкурс болған жоқ, бір көзден осы қызметтерге шартқа қол қойылды.
Компьютерлік техниканы сатып алуға баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көзі ретінде:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер: мемлекеттік мекеменің туралы Ереже, ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдары.
2) Есепті кезеңде Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері: 1 өтініш тіркелді және қаралды.
Қанағаттандырылды-0, түсіндірілді – 1, бас тартылды-0.
3) прокурорлық қадағалау актілері: түскен жоқ.
4) Сот актілері: түскен жоқ.
Осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижесінде персоналды басқаруда және мүдделер қақтығысын реттеуде анықталған жоқ.
Бөлім қызметінде қосымша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:
1) қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысты тұрақты негізде жалғастыру;
2) өзінің функционалдық міндеттерін орындау және шешімдер қабылдау кезінде Республиканың қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

Дата публикации
08 февраля 2021