Құрметті сайт қонақтары!
Сіздердің назарларыңызға "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің 2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылған, онда шығыстардың негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат қамтылған.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің шығыстары жыл сайын "Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларына сәйкес 3 жылдық кезеңге әзірленеді.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің 2021-2023 жылдарға арналған шығыстары осы қаулыға сәйкес қалыптастырылған.:
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-v Бюджет кодексі, 56-бап;
- "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы, 35-бап
"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің 2021-2023 жылдарға арналған шығыстары Екібастұз қалалық мәслихатының (VI шақырылған кезекті LХІІI сессия) 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №484/63 шешімімен 480,7 млн.теңге көлемінде бекітілді.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ бюджет шығыстарының 2021-2023 жылдарға арналған негізгі бағыттары
млн. теңге
|
Атауы |
2020 жыл |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Шығыстар |
902,380 |
480,681 |
429,267 |
451,001 |
|
Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
27,370 |
27,593 |
27,790 |
28,780 |
|
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау |
401,425 |
315,318 |
285,681 |
301,408 |
|
Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі |
121,894 |
128,713 |
110,796 |
115,813 |
|
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту |
3,483 |
5,0 |
5,0 |
5,0 |
|
Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер |
2,139 |
3,108 |
0 |
0 |
|
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары |
346,069 |
0,949 |
0 |
0 |
001 «Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 27,370 млн теңге сомасындағы ағымдағы шығыстарын қамтиды. Бөлімде 10 қызметкер (9,5 штаттық бірлік) жұмыс атқарады, оның ішінде 5 мемлекеттік қызметкер және 4,5 бірлік техникалық персонал.
003 «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 мәдениет объектілері қаржыландырылады:
Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік және ұлттық мерекелерді қаржыландыру жүргізіледі.
006 «Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстар 121,894 млн теңгені құрайды:
007 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстар 5,0 млн теңгені құрайды. Бұл бюджеттік бағдарлама «Қазақстан Республикасындағы 2020-2025 жылдарға арналған тіл саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курстары, мемлекеттік тілді дамыту бойынша әртүрлі іс-шаралар шығыстарын қарастырады.
113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстар 3,108 млн теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен бөлінген қаражат төмендегідей бөлінеді:
Аталған трансферттер мәдениет үйлеріндегі негізгі және басқару персоналына 35% үстемақы төлеу үшін бөлінді.
032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 949,0 мың теңге «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ғимаратының шатыры мен қасбетіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуге бөлінді.