Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Ережеге сәйкес жүзеге асырады, Екібастұз қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Мақсаттары:
1) сәулет және қала құрылысы қызметі субъектілерінің қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарды сақтауы;
2) Екібастұз қаласын тұрақты дамыту мақсатында сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде мекендеу мен тыныс-тіршіліктің қолайлы ортасын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы, 141200 Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 үй, 309 каб.
қабылдау бөлмесі - (87187) 27-89-55
Электрондық мекен-жайы – arch.ae@pavlodar.gov.kz