GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Бөлім туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
02 сентября 2025
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды. Барлық заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер санақтан sanaq.gov.kzсайтында өте алады.

Еске сала кетейік, онлайн-санақ кезеңі 1 тамызда басталып, 31 тамызда аяқталуы тиіс болған. Интервьюерлердің үй шаруашылықтарын аралайтын екінші кезең 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін болады.

Ауыл шаруашылығы санағына қатысты барлық сұрақ бойынша 1446 байланыс орталығына сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қоңырау шалуға немесе санақ сайтында орналасқан Sanaq myrza чат-ботына жазуға болады.

 

 

25 августа 2025
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңінің аяқтаулына 10 күн қалды.

1-31 тамыз аралығында Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының бірінші кезеңі өтуде. Ауыл шаруашылығы санағының 20 күнінде 5 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өндірушілері санақтан өтті. Онлайн кезеңінің аяқталуына 10 күн қалды.
Sanaq.gov.kz сайтында санақтан өтіп үлгеріңіз.
Барлық деректер тек статистикалық мақсатта қолданылады. Олар үшінші тұлғаларға берілмейді және заң бойынша құпия сақталады.
Егер компьютер қолжетімсіз болса, ауылдық әкімдіктегі өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына немесе аудандық статистика басқармаларына баруға болады.
Павлодар қаласында санақтан өту үшін Статистика департаментіне, Генерал Дүйсенов көшесі, 9 мекенжайына, демалыссыз сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін хабарласыңыз.
Жұмыс күндері 55-84-07, ұялы 87779383208 нөміріне қоңырау шалыңыз, демалыс күндері 51-09-46 (вахта).
Сұрақтар туындаса (өздігінен қызмет алу аймақтарының мекенжайларын қоса алғанда), тәулік бойы жұмыс істейтін 1446 байланыс орталығына қоңырау шала аласыз.

12 августа 2025
Telegram-bot EgovKz
18 декабря 2024
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша жұмыс

Бүгінгі таңда Екібастұз қаласында 100-ден астам билборд пен жарнама қалқандары орнатылған, оның ішінде қала бойынша 12 конструкцияда және қала сыртындағы 8 конструкцияда жарнамалық бейнелер түсірілмеген, билбордтар тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылмайды. Жарнама агенттіктерінің иелеріне осы жарнама объектілерін сәйкестендіру туралы хабарламалар жіберілді.

ҚР «Жарнама туралы» Заңына сәйкес ағымдағы жылдың 14.10 және 19.11 «Екібастұз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-ныңөкілімен сатушылар мен жеке кәсіпкерлер арасында жарнама құқықтарын түсіндіру жөнінде жұмыс жүргізілді, осы жұмыс барысында сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін салық сомасы және төлем мерзімі туралы ақпарат берілді.

Мониторинг барысында ғимараттың қасбеттерінде заңсыз ілінген 10 жарнамалық баннер анықталды, оның ішінде 4 жарнама беруші сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін салық төлеген және бөлімді хабардар еткен,6 жарнамалық баннерді меншік иелері алып тастады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы