«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау
ХаттамаСЫ
2026 жылғы «22» қаңтар Екібастұз қаласы
Төрағалық етті: «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы - К.З. Сулейменов
Қатысқандар: көрсетілетін қызметті алушылар, жеке және заңды тұлғалар, бөлім мамандары.
Барлығы – 8 адам.
КҮН ТӘРТІБІ:
Баяндамашы: К.З. Сулейменов, «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Барлығы 1 602 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
1 602 қызметтің ішінен: электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері - ГЕОПАВЛОДАР ЕРДИС порталы арқылы тікелей байланыссыз – 1 364, мекенжай тіркелімі базасы арқылы – 37, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геоақпараттық порталы арқылы – 141, Е-лицензиялау арқылы – 5, Мемлекеттік корпорация арқылы - 55 көрсетілді.
2025 жылдың 1-тоқсанында әлеуметтік желілер арқылы халық арасында электрондық порталдарды дәріптеу мақсатында сәулет бөлімімен бейнероликтер орналастырылды, сондай - ақ мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тікелей эфир өткізілді (эфирге сілтеме - saulet.ekb) және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кітапшалар таратылды.
2025 жылдың 3-тоқсанында «Instagram» әлеуметтік желісінде осы қызметтерді «GEOPAVLODAR» порталының, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геоақпараттық порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы хабарламалар орналастырылды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Шағымдар жоқ.
Теріс пікірлер болған жоқ.
Ұсыныстар түскен жоқ.
Жария талқылау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуді жетілдіру ұсынылды.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің
сәулет және қала құрылысы
бөлімі» ММ басшысы К. Сулейменов