Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қаласының дизайн-кодын бекіту туралы» шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ

Екібастұз қалалық мәслихатының
«
Екібастұз қаласының дизайн-кодын бекіту туралы» шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ

 

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 819 қаулысымен Павлодар облысының Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілген (бұдан әрі – Кешенді жоспар).

          Кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін Екібастұз қаласының дизайн-кодын әзірлеп, мәслихаттың шешімімен бекіту қажет.

          Үкіметтің осы қаулысын орындау мақсатында қала әкімдігі дизайн-кодты әзірлеп, шешім жобасын бекіту үшін Екібастұз қалалық мәслихатына ұсынды.

          Осы шешім жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкелмейді.

          Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» бөлімінде орналастырылды:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15714951.

 

Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қаласының дизайн-кодын бекіту туралы» шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ
Дата публикации
08 декабря 2025