«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету туралы 2021 жылға ақпарат

«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Ережеге сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»;
  2. «Құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»;
  3. Нобайды (нобайлық жоба) келісу;
  4. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;
  5. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

2021 жыл ішінде осы қызметтер бойынша 2 999 қызмет көрсетілген.

Геоақпараттық жүйені халық арасында бұқаралық ақпарат құралдары («Екібастұз дауысы», «Отарқа») арқылы одан әрі танымал ету мақсатында сәулет бөлімімен Геопорталға өтінім беру туралы ақпарат орналастырылады.

Қызметтерді алу мүмкіндігі туралы Презентация сәулет бөлімінің «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде жарияланды, бейнероликтер мен нұсқаулықтар орналастырылды, сондай - ақ аталған мәселе бойынша тікелей эфир өтті (эфирге сілтеме - arch.ekb).

«Ашық әкімдік» ғимаратының фойесінде  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен көрсетілетін қызметті алушыларға ГеоПортал арқылы көрсетілетін қызметтерді алу туралы консультация жүргізіледі.

2020 жылы және 2021 жылдың 2 айында  мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы іс-қимыл туралы 2021 жылғы 12 наурызда жария талқылау өтті.    

Дата публикации
02 ноября 2022