Сіздердің назарларыңызға сәулет бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсетуі туралы ақпаратты ұсынамыз: қызмет көрсету мерзімі, қажетті құжаттардың тізбесі, қызмет көрсету тәсілдері және нәтижелері туралы.
- қызмет көрсету мерзімі: 6 жұмыс күні;
- қоса берілетін құжаттар тізбесі: өтініш, ауыртпалық анықтамасы,
- ұсыну жолы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Павлодар облысының «Geopavlodar» геопорталы
- нәтижесі–мекенжай беру туралы анықтама.
-қызмет көрсету мерзімі: 15 күнтізбелік күн (техникалық жағынан күрделі объектілер, техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 7 күнтізбелік күн);
-қоса берілетін құжаттардың тізбесі: өтініш,жер учаскесіне (жаңа құрылыс кезінде), объектіге (реконструкциялау кезінде) құқық белгілейтін құжат.
- ұсыну жолы –Павлодар облысының «Geopavlodar» геопорталы
- нәтиже–сәулет-жоспарлау тапсырмасы.
- қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні;
- қоса берілетін құжаттар тізбесі – өтініш, эскиз;
- ұсыну жолы -Павлодар облысының «Geopavlodar» геопорталы;
- нәтиже –эскизді келісу.
- қызмет көрсету мерзімі – 28 жұмыс күні;
- қоса берілетін құжаттар тізбесі – өтініш, жер учаскесінің сызбасы;
- ұсыну жолы –«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
- нәтижесі - жер учаскесін таңдау актісі.
- қызмет көрсету мерзімі – техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін - 5 жұмыс күні, техникалық жағынан күрделі объектілер үшін-10 жұмыс күні;
– қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі–өтініш, объектіні мердігерлік тәсілмен бұзған жағдайда мердігерлік жұмыстарға арналған шарттың электрондық көшірмесі ұсынылады;
егер жылжымайтын мүлік объектісінде бірнеше меншік иесі болса, онда объектінің басқа меншік иелерінің кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге және оның параметрлеріне нотариат куәландырған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесін ұсыну қажет;
егер құрылыстарды бұзу жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу үй-жайлардың (үй бөліктерінің) сабақтас меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, онда үй-жайлардың (үй бөліктерінің)сабақтас меншік иелерінің нотариат куәландырған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесін ұсыну қажет;
ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық қорытындының көшірмесі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не өз құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым береді;
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы 74-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілер бойынша ППР/жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының электрондық көшірмесі талап етілмейді;
көппәтерлі тұрғын үй апатты деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 795 бұйрығымен бекітілген апатты көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі Әдістемелік ұсынымның А қосымшасына сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы орган құратын ведомствоаралық комиссияны бұзу туралы тиісті қорытындының электрондық көшірмесі.
- беру тәсілі: «Е-лицензиялау» арқылы
- нәтиже–бұзу туралы шешім.