«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2022 жылдың 1-жартыжылдығында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат

«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

Барлығы 719 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

  1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» – 273;
  2. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» – 71;
  3. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 375;
  4. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру – өтініштер түскен жоқ.
  5. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру-өтініштер түскен жоқ;

6.Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру - өтініштер түскен жоқ;

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» – 78.

Көрсетілген 719 қызметтің ішінде: электрондық түрде қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 418 қызмет, Е - лицензиялау арқылы - 28 қызмет, Мемлекеттік корпорация арқылы – 273 қызмет көрсетілді.

3 мемлекеттік қызмет Павлодар облысының «Geopavlodar» Геопорталы арқылы көрсетіледі. Өтініш берушіге рұқсат құжаттарын алу үшін дербес органдарға немесе ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ, тікелей үй интернеті арқылы шығуға болады, бұл келесідей қызметтер:

- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру»(қызмет көрсету мерзімі - 6 жұмыс күні, Мемкорпарация және Геопортал арқылы);

- «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»

- қызмет көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күн (техникалық жағынан күрделі объектілер), 7 күнтізбелік күн (техникалық жағынан күрделі емес объектілер), қоса берілетін құжаттар тізбесі: жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат, объектіні реконструкциялау жағдайында - объектіге арналған құжат.

- Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу».

- Қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні, қоса берілетін құжаттар тізбесі - эскиз.

Қызметтерді алу мүмкіндігі туралы Презентация сәулет бөлімінің «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде жарияланды, бейнероликтер мен нұсқаулықтар орналастырылды (эфирге сілтеме - saulet.ekb).

Қазіргі уақытта «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі, алдағы уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметті Павлодар облысының «GEOPAVLODAR» геопорталы арқылы көрсету жоспарлануда, бұл электрондық форматта көрсетілетін  мемлекеттік қызметтерді арттырады.

Геоақпараттық жүйені бұқаралық ақпарат құралдары («Екібастұз дауысы») арқылы халық арасында танымал ету мақсатында сәулет бөлімімен Геопорталға өтінім беру туралы ақпарат орналастырылған.

«Ашық әкімдік» ғимаратының фойесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен көрсетілетін қызметті алушылардың ГеоПортал арқылы көрсетілетін қызметтерді алуы туралы консультация жүргізіледі, сондай-ақ, БАҚ арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу мүмкіндігі туралы мақалалар жарияланады.

Мәселен, 2022 жылдың 1 - жартыжылдығында БАҚ-та («Екібастұз дауысында») «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық сипаттағы мақала жарияланды.

Сонымен қатар, қызмет алушылардың қатысуымен тікелей іс-шаралар өткізіледі, «Демалыс күні акциясы» аясында қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы жер заңнамасы мәселелері жөнінде түсінік берілді.

2022 жылғы 31 наурызда қызмет алушылардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету туралы жария талқылау өткізілді.  

Тұрғындар арасында мемлекеттік қызмет көрсету туралы кітапшалар таратылды, «Adal көмек» акциясы аясында сәулет бөлімінің маманы тікелей эфирде «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін түсіндірді (№9 қосымша). Аталған іс - шаралар сәулет бөлімінің «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде орналастырылған, бейнероликтер мен нұсқаулықтар орналастырылған (эфирге сілтеме-saulet.ekb).

Дата публикации
02 ноября 2022