
2023 жылы 3-4 наурызда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде еліміздегі жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен «СЕНІҢ СӘТІҢ» Республикалық студенттер форумы өтуде.
Форумның мақсаты – еліміздегі жастардың ынтымағын арттырып, олардың бойында жаңаша ойлау дағдыларын қалыптастырып, университет жастары арасында достық қарым-қатынас орнату.
Шара барысында тренингтер, концерттік бағдарлама, дәстүрлі садақ ату өнерінен шеберлік сағаты өткізіліп, жоғары оқу орындарының базаларында жүргізілетін жобалар таныстырылады.
Сонымен қатар, жастардың айтар ойы тыңдалып, жаңашыл бастамалардың негізгі көзі болып саналатын студенттермен бірлесе отырып, келешекке жоспар құрылып, бағыт-бағдар айқындалады.
4 наурыз күні Форум аясында Ғылым және жоғары білім Министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Министр жанындағы студенттік кеңестің отырысы өткізіледі.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Қазақстанның киелі жерлеріне студенттік өңірлік экспедициясы» тапсырмасы шеңберінде форумға қатысушылардың Атырау облысындағы тарихи орындардың бірі Сарайшық қалашығына экскурсия жасауы жоспарлануда.