
Студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп 2023 жылғы 3 наурызда жатақханалар салу жөніндегі консультативтік орталықтың ашылуы өтті.
Аталған орталықтың жұмысы әрбір жоғары оқу орны үшін студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханаларда жаңа орындарды енгізу жөніндегі жобаларды іске асыруда ЖОО-ларға жәрдем көрсетуге бағытталатын болады.
Іс-шара аясында Министрліктің Алматы қаласының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Алматы қаласында жатақханалар салу жөніндегі консультативтік орталықтың қызметі ЖОО студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету мәселесін шешудің тиімді құралы болады.