«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма мүшесі - әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды.
«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 34.
Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірмелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органда не бейініне сәйкес келетін өзге де ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы немесе World University Rankings Times Higher Education рейтингі бойынша топ 200-ге кіретін жоғары оқу орындарында оқуды аяқтауы не Президенттік жастар кадр резервіне кіруі.
Конкурсқа төмендегі тұлғалар қатыса алмайды:
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 12 (он екі) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Корпоративтік хатшысына келесі мекен-жай бойынша жеткізу қажет: Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар к-сі, 263, 11 кабинет, телефон: 87764681687.