Олар ең алдымен, ашықтықты арттыруға, барлық үміткерлер үшін теңдей мүмкіндіктер ұсынуға, іріктеудің объективтілігін арттыруға және бюрократиялық кедергілерді жоюға бағытталған.
«Болашақ» – бұл мыңдаған жастар үшін сапалы білім алып, еліміздің дамуына үлес қосуға мүмкіндік берген тамаша бағдарлама. Дегенмен, бағдарлама талаптарын жетілдіру қажеттілігі туындағаны анық. Көптеген ұсыныс айтылып, олардың басым бөлігі ескерілді.
Бұдан былай халықаралық стипендияны шетелдік жетекші жоғары оқу орындарынан шартсыз шақыруы бар үміткерлер ғана иелене алады. Тек ауылдық елді мекендердің үміткерлері үшін ерекшелік қарастырылған, олар алдын ала тілдік дайындықтан өте алады.
Басым мамандықтар тізбесі жасалды. Енді барлығына рет-ретімен тоқталайық.
10 НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІС
БІРІНШІ. Басым мамандықтар тізбесі енді еңбек нарығындағы қажеттіліктер болжамын ескере отырып қалыптастырылады. Бұл мамандарды нақты даярлауға мүмкіндік береді.
Жыл сайын 500-ге жуық адам «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға аттанады. Соңғы үш жылдағы талдау стипендиаттардың басым көпшілігінің әлеуметтік ғылымдарға, экономикаға, басқаруға (42%), сондай-ақ гуманитарлық ғылымдарға (23%) түскенін көрсетіп отыр.
Медициналық (3%) және жаратылыстану (4%) мамандықтарына ден қоюшылар қатары мардымсыз.
Бұл жағдай мамандықтар тізбесінің жалпылама жасалуымен тікелей байланысты. Яғни, тізбеде қажетті мамандықтардың саны жеткілікті болғанымен, алайда, олардың ішінде бағыттар бойынша саны регламенттелмеген. Нәтижесінде үміткерлер еліміздегі кадрлар саны бойынша артығынан байқалған мамандықтарға бағдарлама арқылы түскен.
Ал енді, мамандарды дайындау бағыттары бойынша орындардың шекті санын анықтау көп стипендиаттарға инженерлік-техникалық, IT және медициналық мамандықтарда оқуға мүмкіндік береді. Осы ретте, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарға стипендия саны шектеулі болады, бұл оқуға түсушілер арасында үлкен бәсекелестік тудырады және орындарды негізінен әлеуметтік-гуманитарлық бағыттардың өкілдері иеленетін тәжірибені алып тастайды.
Бұл мемлекеттік тапсырысты жоғары оқу орындарына орналастыру кезіндегі сияқты, 150 білім беру бағдарламаларына 53 мың грантты орналастырып қана қоймаймыз, егер олай жасасақ гранттардың негізгі саны заң, экономикалық мамандықтарға бөлінген болар еді. Біз керісінше бағыттар бойынша нақты қажеттіліктерге сәйкес анықтаймыз. Сол себепті де құқық мамандығына барлығы 100 грант бөлінеді. Бұл жерде де сол принцип.
ЕКІНШІ. Үміткер алдымен даярлаудың басым бағыты бойынша танымал шетелдік жоғары оқу орнына түсуге және одан шартсыз шақыру алуға тиіс. Бұл үміткердің сол ЖОО-ның талаптарына сай болуын қамтамасыз ету үшін қажет.
ҮШІНШІ. ЖОО-ның өзіне де талаптар күшейтіледі. Енді Болашақ тізіміне кіру үшін ЖОО-лар U.S. News Best Global University Ranking елдік рейтингтеріне сәйкес кемінде 65 баллға (Global Score) ие болуы және ЭЫДҰ-ның топ-50 және ARWU, THE, QS, US News рейтингтерінің топ-50 қатарында болуы тиіс. Нәтижесінде, 2020 жылы тізімге 121 ЖОО енді, ал 2019 жылы олардың саны 537 болған еді. Сонымен қатар, 2019 жылы тек 100 ЖОО (20%) халықаралық рейтингтерте орналасқан еді.
Енді болашақтықтар халықаралық рейтингтер үздігіндегі шетелдік жоғары оқу орындарына ғана жіберіледі, бұл оларға заманауи зертханалық базаға қол жеткізуге және мықты оқытушылардан білім алуға мүмкіндік береді.
ТӨРТІНШІ. Тағылымдамадан өту тәсілі өзгерді. Енді тағылымдамадан өту үшін тек жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар жетекші ғылыми орталықтар мен зертханаларға да баруға болады. Ғалымдар үшін шетелдік әріптестермен зерттеулер жүргізуге арналған стипендиялардың жекелеген саны қарастырылған.
БЕСІНШІ. GPA талабы шетелдік ЖОО-дан шартсыз шақырулары бар үміткерлер үшін тоқтатылады. Егер үміткер GPA бойынша шетелдік жоғары оқу орнының талаптарына сәйкес келсе, оны іріктеу барысында растаудың қажеті жоқ.
АЛТЫНШЫ. Үміткер 6 турдың орнына 3 турдан (кешенді тестілеу, ТСК және Республикалық комиссия) өтеді. Құжаттарды қабылдаудан бастап тағайындалғанға дейінгі барлық нәтижесін үміткер автоматтандырылған жүйедегі жеке кабинетінде қадағалай алады.