«Дарын» РҒПО-ның ақпараты бойынша, жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада кезінде оқушылар Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің жағалауында өткен далалық турда бақ сынады. 142 оқушы үш классқа бөлінді.
💬«Олимпиаданың далалық секциясы жергілікті жердегі географиялық білім мен жер бедерінің ерекшеліктеріне бағдарлауды талап етті.
Республикалық олимпиаданың далалық секциясына қатысу үшін әр оқушыға жауап беру үшін арнайы жиынтықтар мен бланкілер берілді. Далалық секцияның ұзақтығы 1,5 сағатқа созылды. 9-10 сынып оқушыларына жер бедерінің жоспары, күн сәулесінің түсу бұрышын есептеу, өзеннің қоректену түрі және т.б. осы секілді тапсырмалар берілді. Ал 11-сыныпта оқитын қатысушылар биогеография бойынша өсімдік түрлерін, өзеннің қоректену түрін табу т.б тапсырмаларды орындады»,- дейді ұйымдастырушылар.
🔔Айта кетейік, республикалық
олимпиаданың камералдық бөлімі де жер бедеріне қатысты аналитикалық тапсырмалардан тұрады.Географиялық білім мен сандық және сапалық талдау дағдыларын қолдануды талап етті. Бұл бөлімде де әр оқушыға тапсырмалар жиынтығы (түрлі-түсті нұсқада) және жауап бланкілері берілді.
©️Картографиялық бөлімнің ұзақтығы 1,5 сағатқа созылды.
Тапсырмалар Шымкент қаласына қатысты берілді. Дену жағалауға төнетін қауіптерді анықтау, шифрды шешу, «Жылу аралы» тапсырмасы т.с.с.
↪️Естеріңізге сала кетейік, 20-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтіп жатыр. Бұл математика, физика, химия, биология, география және информатика бойынша республиканың 9-11(12) сыныптарының ең мықты оқушылары арасындағы дәстүрлі зияткерлік сайыс.
🖥️«1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өткізілетін олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 282 090 оқушы қатысып, аудандық кезеңге– 82 854 өтті. Облыстық кезеңге— 15 651 іріктеліп, қорытындысы бойынша 907 жеңімпаз анықталды, оның ішінде ғылым негіздері бойынша олимпиадалық резервтің 88 мүшесі.
⚖️Бес күндік интеллектуалды сайыс классикалық форматта өтеді. Олимпиада нәтежиесі 25 наурызда белгілі болады, жеңімпаздарды марапаттау да осы күнге жоспарланған.