Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту туралы

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту туралы

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕДІ

Ол балалардың ерте жастан тұтас, жан-жақты дамуына бағытталған.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты.

Модель әр баланың жеке ерекшеліктері негізінде мектеп жасына дейінгі балаларда қалыптасуы қажет дағдыларды анықтайды.

Ата-аналар қоғамын балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіне жан-жақты тартуға көңіл бөлінеді.

Айта кетейік, жаңа модель, нормативтік құжаттарды жетілдіру, педагогтердің даярлығы мен біліктілік сапасын арттыру, қолжетімді пәндік-дамытушылық ортаны құру, қолжетімділікті қамтамасыз ету кезеңімен жүзеге асырылады.

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ 21 ПЕДАГОГІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНАН ӨТЕДІ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл сайын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі өзгерістер аясында біліктілікті арттыру курстарынан өтетін педагогтер саны артып келеді. 2022 жылы 14 мыңнан астам педагог курстардан өтсе, 2023 жылы олардың саны 21 мыңға жетті.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің мәртебесін арттыру мақсатында жалақы ұлғайту және  тәрбиеші-бала арасындағы жүктемені халықаралық көрсеткіштерге дейін төмендету тетіктері қарастырылуда.

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ТАЛАПТАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, елімізде мектепке дейінгі ұйымдардың 70% - ға жуығы қазақ тілінде білім береді.

2022 жылдан бастап тәрбие-білім беру процесіне барлық жас топтарында қазақ тілін үйрену талаптары енгізілді. Қазақ тілін меңгеру мақсатында педагог күні бойы үлгілік бағдарламада айқындалған сөздік минимумын қолданады, бұл тәрбиеленушілердің ауызша үйлесімді сөйлеуін дамытады. Сөздік қорын байытады, қазақ тілін, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруге ықпал етеді, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетін салт-дәстүрлерімен таныстырады.

 

СОҢҒЫ ТӨРТ ЖЫЛДА БАЛАБАҚШАҒА КЕЗЕК ЕКІ ЕСЕГЕ АЗАЙДЫ

Бүгінгі таңда 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 90% – ға жуық, 3 жастан 6 жасқа дейін-98,3%  болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты.

Қазір республика бойынша 0-ден 6 жасқа дейінгі 250 мыңнан аса бала кезекте тұр. Мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығы мәселесін шешу үшін алдағы үш жылда 223 мыңға жуық жаңа орын ашу жоспарда бар.  

Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 47 мың балаға диагноз қойылды. Оның ішінде 14 460 бала арнайы ұйымдар мен топтарға, 5 530 бала жалпы білім беру топтарына барады. Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін балабақша кезегіне жеңілдік қарастырылған.