Білім туралы аналитикамен бөлісуді жалғастырамын. Осыдан бірнеше күн бұрын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жыл сайынғы «Education at a Glance 2022» білім беру көрсеткіштері туралы баяндамасын жариялады.
Бүгінгі тақырыбымыз - мұғалімдер мен мектеп директорларының кәсіби дайындығы туралы.
• Оқыту ұзақтығы бастауыш және орта мектеп мұғалімдері үшін бірдей, бірақ мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін қысқа.
•Негізгі орта мектептерде жалпы білім беретін пәндердің білікті мұғалімі болу үшін кейбір елдерде сынақ мерзімінен сәтті өту қажет.
• Көптеген елде жалпы білім беретін мұғалімдер үшін үздіксіз кәсіби даму міндетті. Үздіксіз кәсіби даму барлық мұғалім үшін кәсіби қызметінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде, мансаптық өсу немесе жалақыны көтеру үшін міндетті болуы мүмкін.
• ЭЫДҰ елдерінде мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы үшін қажетті міндетті шараларды мұғалімдер мен директорлардың өздері шешеді. Ал орталық/мемлекеттік білім беру органдары мектеп директорларының міндетті үздіксіз біліктілігін арттыру бойынша шешімдер қабылдауға жиі қатысады.
• ЭЫДҰ-ның барлық елінде біліктілікті дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік білім беру органдары мен тиісті ұйымдарды, сондай-ақ жеке ұйымдар мен университеттерді қоса алғанда, бірнеше провайдер түрлері ұсынады.
• ЭЫДҰ елдерінде міндетті кәсіби даму бағдарламаларының мазмұны көбінесе оқытумен байланысты міндеттерді қамтиды. Атап айтқанда, курс бағдарламасы оқыту әдістерін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған әдістер, АКТ дағдыларын дамыту және т.б. кіреді.