Білім туралы аналитикамен бөлісуді жалғастырамын. Осыдан бірнеше күн бұрын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жыл сайынғы «Education at a Glance 2022» білім беру көрсеткіштері туралы баяндамасын жариялады.
ЭЫДҰ елдерінде мұғалімдер мен директорлар үшін қандай жағдай жасалған?
• ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен бастауыш және орта мектеп директорларының нақты жалақысы жоғары білімі бар қызметкерлерге қарағанда кемінде 30%-ға жоғары.
• Директорлардың мұғалімдерге қарағанда, қосымша жұмыс орындағаны үшін өтемақы алу мүмкіндігі төмен. ЭЫДҰ елдерінің жартысында қолайсыз немесе шалғай аймақтарда жұмыс істейтін директорлар мен мұғалімдерге қосымша төлем қарастырылған.
• ЭЫДҰ елдеріндегі мемлекеттік мектеп мұғалімдері жылына орта есеппен мектепке дейінгі деңгейде 987 сағат, бастауыш деңгейде 784 сағат, негізгі орта деңгейде 711 сағат және жалпы орта білім деңгейінде 684 сағат сабақ беруі керек.
• ЭЫДҰ елдерінде мектеп директорлары білім деңгейіне байланысты жылына орта есеппен 43-44 апта жұмыс істейді. Олардың жыл сайынғы заңмен белгіленген жұмыс уақыты мектепке дейінгі мекемелерде орта есеппен 1 648 сағат, бастауышта 1 613 сағат, негізгі орта білім деңгейінде 1 612 сағат, жалпы орта білім деңгейінде 1 608 сағат. ЭЫДҰ елдерінің шамамен үштен екісінде мектеп директорлары оқушылардың мектеп каникулдары кезінде жұмыс істеуге міндетті.