Асхат Аймағамбетов жас мамандармен, сондай-ақ Шымкент қаласының балабақшалары, мектептері мен колледждерінің директорларымен кездесті

Асхат Аймағамбетов жас мамандармен, сондай-ақ Шымкент қаласының балабақшалары, мектептері мен колледждерінің директорларымен кездесті

Шымкентте жас мамандармен, мектеп, балабақша, колледж директорларымен де кездесулер өткіздім.

Ең алдымен қала мектептерінің жас ұстаздарымен жүздестім. Әріптестерімнің сауалдарына жауап беріп, олармен бірге жас мамандарды қолдау шараларын талқыладық.

Одан кейін жекеменшік және мемлекеттік оқу орындарының директорларымен кездестім. Әріптестеріме енгізілген жаңалықтар мен қабылданып жатқан шешімдердің мән-мағынасын түсіндіріп, дәстүр бойынша олардың сауалдарына жауап бердім.

Жиын кезінде әріптестеріміз ауқымды жұмыс мектеп директорлары мен сынып жетекшілерінің мойнына түспеуі үшін «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясындағы ақша төлеу тетіктерін қайта қарауды ұсынды. Оларды мектептер әкімдіктерге бағынатындықтан, оқу-тәрбие процесінің өзінен гөрі, балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету міндеттері, сондай-ақ экономикалық мәселелер бірінші кезекте тұратыны алаңдатады. Ал әлеуметтік көмек көрсетудің мектептерге түсетін жүгі күннен-күнге артып барады. Біз бұл жағдайды реттеу үшін тиісті шаралар қабылдаймыз. Себебі сапалы білім беру мектептер мен ұстаздар жұмысының басты міндеті болуы керек.

Ал колледж директорлары «Жас маман» жобасын жүзеге асыру, студенттерді жұмыспен қамту көрсеткіштері, олардың Worldskills халықаралық чемпионатына қатысуы, колледж бейінін анықтау, колледждер арасындағы бәсекелестікті арттыру және мұғалімдерді материалдық ынталандыру тақырыптарын көтерді.

Ойларын ашық білдіріп, айтқан ұсыныстары үшін әріптестеріме алғыс білдіремін.

https://t.me/aimagambetov/305