
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздігі күніне және 2019 жыл – «Жастар жылын» қорытындылау мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 9-14 желтоқсан күндері «Біз жалындаған жастармыз!» атты жастар апталығын өткізу жоспарлануда.
Апталық барысында «Super Smart-2019» атты республикалық зияткерлік сайысы, «Жастар жылы - Жастар жыры» атты республикалық жас ақындар айтысы және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.
Осыған орай, аталған шараның маңыздылығын ескере отырып, Сіз басқарып отырған ЖОО атынан белсенді студенттердің қатысуына қолдау көрсетуіңізді сұраймын.
Іс-шара бойынша жауапты тұлға: ТарМПУ Әлеуметтік–мәдени дамыту орталығының басшысы Өскембекова Құралай Амреқұлқызы, 87079841084., kura_uvp@mail.ru.
Қосымша: Бағдарлама – 1 парақта.
Ескерту: Келетін қонақтардың іс-сапар шығыны жіберуші жақ тарапынан.