«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» мемлекеттік мекемесі барлық мүдделі заңды және жеке тұлғаларға өзінің Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылғанын хабарлайды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығы қайта ұйымдастырылуға негіз болып табылады. Наразылық осы хабарландыру жарияланған күнінен бастап екі ай ішінде келесі мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі», 11-кіреберіс. Анықтама телефоны: 8 (7172) 74-25-05, 74-15-52.