
Каринова Шолпан Таңатқызы 1972 жылғы 1 қаңтарда Ақмола облысы Жаңа- Жол ауылында туған. 1994 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы Омбы (Ресей) мемлекеттік педагогикалық университетін «педагогикалық білім» дайындығы бағыты бойынша аяқтады.
Мұғалімдік еңбек жолын 1998 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Чкалов №1 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.
Әр кезеңде Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград №1 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, Ақмола облысы Көкшетау медициналық колледжінде жалпы психология пәнінің оқытушысы, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық білім бөлімінде әдіскер, оқу жұмысы бойынша бөлім басшысы қызметін атқарды.
2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша № 5 орта мектебінің директоры болып тағайындалды.
2005-2008 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2008-2009 жылдар аралығында - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бойынша бөлім басшысы.
2009-2012 жылдар аралығында- Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары.
2012-2013 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары.
2013-2017 жылдар аралығында - Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы.
2017-2018 жылдар аралығында - ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.
2018 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігі вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.