ҚР БҒМ Қаржы орталығында студенттік жатақханаларды салу бойынша кездесу өтті

ҚР БҒМ Қаржы орталығында студенттік жатақханаларды салу бойынша кездесу өтті

Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдары мен кәсіпкерлік қоғамдастықтарының басшыларын мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі туралы ақпараттандыру мақсатында осы жылдың 22 тамызында «Қаржы орталығы» АҚ алаңында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлескен түсіндіру кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға студенттік жатақханаларды салу және реконструкция жасау үшін банктер арқылы тартылатын қарыздарды қаражаттандыру (субсидиялау) тетігі таныстырылды. Бұл мемлекеттік қолдау шарасы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр және студенттік жатақханалар салуға бағытталған жеке меншік оқу орындары мен кәсіпкерлер үшін кредиттерді 6%-ға дейін арзандатуды көздейді. Іс-шараға білім беру ұйымдарының басшылары мен мүдделі кәсіпкерлер қатысты.

Жалпы ақпарат:

2019 жылғы тамыздағы жағдайға сәйкес Нұр-Сұлтан қ. бойынша 22 оқу орын (8 ЖОО, оның 4-еуі жеке меншік, 14 колледж) студенттік жатақхана орындарын қажет етеді. Әкімдіктің және оқу орындарының деректеріне сәйкес жалпы қажеттілік 17 636 орын-жай (ЖОО – 13 983 орын, колледждер – 3 653 орын). Бүгінгі таңда Оператор 1390 жаңа орынның енгізілуін жоспарлайтын 3 шарт жасасты (ЖК «Семенов» - 340 орын, ҚазГЗУ Университеті – 370 орын, "Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ – 680 орын).

Сұрақтар бойынша Бағдарламаның операторына хабарласуға болады: 8 (7172) 695-045 (ішкі 116), www.fincenter.kz