
Ағымдағы жылы 6 желтоқсанда «Қаржы орталығы» АҚ Студенттік жатақханаларға операторлық ету департаменті иректорының орынбасары Қостанай облысының «Атамекен» АКП ұйымдастырған Мемлекет басшысының Үшінші бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шараға қатысып, кәсіпкерлерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, аталған іс-шараға Қостанай облысы «Білім басқармасының», «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының», Жер қатынастары басқармасының», «Ертіс» ҰК ӘКК» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері қатысты.
Шығыс Қазақстан облысында 5 ЖОО-ның 2800 студенті және 7 колледждің 1778 студенті жатақханаға мұқтаж. Осы ретте, 5 жер учаскесі ЖОО-лардың және 7 жер учаскесі колледждердің иелігінде. Мәселені шешу үшін облыста 4578 орынға 12 жатақхананың құрылысы жоспарланып отыр.
Рыскелдинов Берік тапсырманы іске асыруға мемлекеттің қатысу тәсімін ұсынды. Кәсіпкер немесе оқу орын өтінішпен «Қаржы орталығы» АҚ- ға жүгініп, Оператормен («Қаржы орталығы» АҚ) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен шарт жасасады.