Мемлекет басшысының Үшінші бастамасы шеңберінде Қостанай облысында студенттер үшін жатақханалардың құрылысы қалай жүргізіледі

Мемлекет басшысының Үшінші бастамасы шеңберінде Қостанай облысында студенттер үшін жатақханалардың құрылысы қалай жүргізіледі

Ағымдағы жылы 7 желтоқсанда «Қаржы орталығы» АҚ Қостанай облысының «Атамекен» АКП ұйымдастырған Мемлекет басшысының Үшінші бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шараға қатысып, кәсіпкерлерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, іс-шараға Қостанай облысы «Білім басқармасының», «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының», Жер қатынастары басқармасының», «Ішкі саясат басқармасының», «Тобол» ӘКК» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері қатысты.

 

Алпамыс Сатыбалдин тапсырманы іске асыруға мемлекеттің қатысу тәсімін ұсынды. Кәсіпкер немесе оқу орын өтінішпен «Қаржы орталығы» АҚ- ға жүгініп, Оператормен («Қаржы орталығы» АҚ) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен шарт жасасады.

 

- Өз кезегінде, мемлекет құрылыс үшін төлемдерді жүзеге асыратын болады. Жатақхана жаңадан салынатын жағдайда бір студентке – 122 АЕК-тен болса, реконструкция жасалатын жағдайда бір студентке – 47 АЕК-тен. Мысалы: кәсіпкер немесе ЖОО 500 орынға жатақхана салды делік. Құрылыс 2019 жылы басталып, 2020 жылы аяқталды. 2020 жылға бір АЕК-тің құны 2613 теңгеге тең болады деп жоспарлануда. Сөйтіп, 122 АЕК-ті осы сомаға көбейткенде студент орналасқан әрбір орын-жай үшін 318 мың 786 теңге шығады. Бұл санды 500 орынға көбейткенде бірінші жылға, біз – қаржы орталығы, 159 миллион теңге төлейміз. Бұл мемлекет тарапынан 8 жыл бойы жасалады, нәтижесінде 1 миллиард 280 миллион теңге шығады. Түрлі есептеулер бойынша бұл құрылысқа кеткен шығынды тең жартысынан 200%-ға дейін өтейді, – дейді Сатыбалдин.