«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

Оқушылардың адамгершілік-рухани тәрбиесі қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті болып табылады. Әлеуметтік маңызды құндылықтарды, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру және дамыту «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының тұтас жүйесі арқылы іске асырылады.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2019 жылғы 1-12 ақпан аралығында барлық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік өткізілуде.

 

Онкүндіктің мақсаты – адамгершілік-рухани білім беру жүйесін жандандыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, оларды өздігінен білім алуға, тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру.

 

Онкүндік шеңберінде білім алушылардың, педагогтардың, ата-аналардың белсенді қатысуымен жеке тұлғаның адамгершілік-рухани тәрбиесін, өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдірудің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу жоспарлануда.

2019 жылғы 12 ақпанда онкүндік аясында республиканың білім беру ұйымдарында 1 және 2 ауысымдарының бірінші сабақтарында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақтар өткізіледі.