Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Елбасы берген тапсырма-сына сәйкес «Жас маман» программасы «Жастар – Ел тірегі» ұлт жобасы-ның бір бөлігі болады және «100-де 200» принципі бойынша іске асады.
Осы Программа аясында екі жүз оқу орны 1-2 мамандық бойынша жаңа құрал-дармен жабдық-та-лады. Олар: 20 жоғары оқу орны және
180 колледж.
Аталған оқу орындары білім беру-мен қатар, осы 1-2 маман-дық бойынша басқа оқу орындары үшін компетенция орталығына айналады.
Бұл мамандықтар бойынша жаңа құралдарын, шетелдік әріптес-тер-мен кооперацияны және жаңа оқу программа-ларын дамыту қажет.
Еңбек министрлігі «Атамекен» палатасы-мен бірге 100-ден аса қажет маманды анықтайды, олар білім беру ұйымдары үшін сатып алатын жабдықты таң-дауға негіз болады.
Жабдықты сатып алу механизмі, жалпы дайын. Лизинг механизмі арқылы қаржы-ландыру 7 жылға беріледі, «БРК-Лизинг» үшін сыйақы жылына 11%-дан аспайтын болады.
Колледж-дер лизинг-ті төлеу үшін 7 жыл ішін-де ақшаны толық алады деп жоспар-ла-нуда. ВУЗ-дарға лизинг төлемі бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлу әзірше қарал-маған. Өйткені, біз оларға былтырғы жылы барлық техникалық маман-дықтар бойынша грант бағасын үш жүз қырық бес мыңнан 600 мыңға дейін көтердік.
Программа аясында жаңаруға тиіс-ті жабдықтар мен техникалар тізімін «Атамекен» палатасы-мен және «БРК-Лизинг» акционер-лік қоғамы-мен келісім бойынша «Кәсіпқор» холдингі бекіте-тін болады.
Программаға қатысудың міндетті шарты –колледж-дер үшін 5% және жоғары оқу орындары үшін 10% қоса қаржы-лан-дыру болады деп жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, «Кәсіпқор» холдингі шетелдік және отандық мамандарды тарту бойынша шаралар қабыл-дайды. Колледж-дер үшін мамандар 2 оқу жылына дейін тарты-лады.
Анықтама:
Жалпы 3 жылда Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңге бөлу талап етіледі:
2019 жылы – 8,0 млрд. теңге – лизинг төлемдерді өтеуге 7,3 млрд. теңге, шетелдік және отандық мамандарды тартуға 0,7 млрд. теңге;
2020 жылы – 27,8 млрд. теңге – лизинг төлемдерді өтеуге 16 млрд. теңге, шетелдік және отандық мамандарды тартуға 1,88 млрд. теңге, «Лизинг» БРК капиталдандыруға 10 млрд.теңге;
2021 жылы – 22,1 млрд. теңге. – лизинг төлемдерді өтеуге 16 млрд. теңге, шетелдік және отандық мамандарды тартуға 1,17 млрд. теңге, «Лизинг» БРК капиталдандыруға 5 млрд.теңге;
«Жас маман» бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде 3 жыл ішінде 20 ЖОО мен 180 колледждің негізгі мамандықтарын жаңғырту жүзеге асырылатын болады, заманауи жабдықтардың 400-ден астам комплектісі сатып алынды, 210 мыңнан астам білікті кадр даярланды, 15 мыңнан астам оқытушы біліктілігін арттырады.
Енді әлеуметтік студент-тік кредит бойынша.
3 жыл ішінде осы жобаға қатысатын студент-тер санын, жылына 50 мың адамға дейін жеткізу жоспар-лану-да.
Қазіргі кезде қаты-сатын студент-терге келесі әлеумет-тік қызмет түрлері қаралған:
1. Инклюзивті білім беру, инвалид балаларға көмек көрсету.
2. Репетитор-лық – қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, компьютер-лік сауат-ты-лық және тағы басқа.
3. Девиант-ты мінез-құлықты кәмелет жасқа толмаған бала-лар-мен жұмыс.
4. Аула және спорт клуб-тарын ұйым-дас-тыру.
5. Қарт адам-дар-мен әлеуметтік жұмыс.
Біз осы жұмыс-тарға ортақ онлайн платформа құруды жоспарлап отырмыз. Оған қатысатын студент-тер мен студент-терді тартатын ұйымдар тіркелетін болады.
Студент-терге 2 және 5 академиялық кредитке арналған, 1 семестрде, 20 және 50 сағат 2 түрі ваучері ұсыны-латын болады, сонымен қатар әрбір сағатқа бір мың теңге ақша төленіп, сонымен қатар сол кредит-терді университет, колледж зачет ретінде қабылдайды.
Әлеумет-тік студент-тік жұмыстары балалар үйінде, спец-мектеп-терде, Жастарға қызмет көрсету орталы-ғын-да, оқушылар сарайында, қарт-тар үйінде, емхана-ларда, жоғары оқу орындарында, мектептерде, колледж-дерде жүзеге асатын болады.
Жоба операторы – Министрліктің «Қаржы орталығы».
Енді түсіндіру жұмыстарымыз.
Біз білім беру сала-сын-дағы жаңалықтар бойынша, оның ішінде жоғарыда аталған 2 жоба бойынша халық арасында ақпарат-тық-түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.
Қазір-дің өзінде педагог-тер-мен және ата-аналар-мен тікелей байланыс жасау үшін танымал мессенджер арқылы коммуникация жүйесі құрылды. Бүгінгі таңда бұл ресурспен
3 млн.-нан астам адам қамтылды.
Сонымен қатар, жүзден астам ток-шоу, видеоролик-тер және пиар іс-шаралар ұйымдас-ты-ры-луда.
Осы бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда.
Рахмет!