Оқушылар үшін ҰБТ-ға дайындалып, сыйлық ұтып алуға бірегей мүмкіндік!

Оқушылар үшін ҰБТ-ға дайындалып, сыйлық ұтып алуға бірегей мүмкіндік!

Қазақстанда тұңғыш рет мектеп оқушыларына арналған республикалық «iTest: Ең үздік нәтиже» сайысы басталды. Мектептің 9, 10, 11-сынып оқушыларына бірегей мүмкіндік беретін байқауды Bilim Media Group компаниясы ұйымдастырып отыр. Басты мақсат «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында оқушылардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізу, ҰБТ-ға пайдалы ресурс арқылы дайындалып, сәтті тапсыруға ынталандыру.

 

Аталған сайыста ҚР азаматы болып табылатын 9, 10, 11-сынып оқушылары және орта білім беретін арнайы мекемелерінің 1-курс студенттері қатыса алады.

 

Қатысушылар үшін басты сый үздік жоғарғы университеттерінің бірінен оқу гранты (тек 11 сынып оқушыларына қатысты) болып отыр. Одан бөлек, біздің қолдаушыларымыз ұсынған қатысушыларға арналған түрлі бағалы сыйлықтар да ойнатылады.

 

Байқау онлайн форматта, www.itest.kz платформасында өтеді.

 

«iTest: Ең үздік нәтиже» сайысы   2019 жылдың 1 ақпанынан осы жылдың 20 маусымына дейін жалғасады. Жеңімпаздар мен сайыс нәтижелерін жариялау салтанаты 2019 жылдың 21 маусымында өтеді.

 

Толық мәліметті және жобаның ережелері бойынша ақпаратты www.itest.kz сайтынан көре аласыздар.