2019 ж. 12 ақпанда сағат 11.00-де Алматы қ. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан–2050» Стратегиясында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек», – деп атап көрсеткендей, тарихтан орын алған тұлғалардың өмірі мен қызметін зерттеу, ұрпаққа таныту, солар арқылы өткенді, тарихи сананы жаңғырту Ұлы Дала Елінің болашағы үшін аса қажет.
Дөңгелек үстел шеңберінде «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқыту-ағарту энциклопедиясы тұжырымдамасының жобасы талқыланады.
Конференцияға кәсіби тарихшылар, көрнекті қоғам қайраткерлері, мемлекеттік мекемелер өкілдері мен жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамы, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысуға шақырылады.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28, «Ғылым ордасы» РМК, 3-қабат, Кіші конференц-зал.
Байланыс телефоны: 8 (727) 261-67-19, 261-01-33; факс: 8 (727) 261-67-19.
E-mail: kazhistory@bk.ru
Ұйымдастыру комитеті