Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында оқу күні «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» пәнінен басталды

Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында оқу күні «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» пәнінен басталды

2019 жылғы 12 ақпанда «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі шеңберінде еліміздің барлық білім беру ұйымдарында I, II ауысымдардың оқу күні «Өзін-өзі тану» пәнінен басталды. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайды. Осы ретте Астана қаласындағы №22 мектеп-гимназиясында өткен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабаққа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Е.Ерсаинов қатысты. 

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.